Бесрабат () — Өзбекстанның Науаи облысы Наубаһар ауданындағы қала үлгісіндегі шағын елді мекен. Халқы: 5000 адам (2000).

Бесрабат — Науаидан 28 шақырым жерде, облыстағы ең кіші ауданның, Наубаһар ауданының әкімшілік орталығы, Зеравшан өзенінің құнарлы алқабында орналасқан. Суару каналының бойында орналасқан елді мекен ауыл шаруашылығының орталығы болып табылады. Халық мақта өсірумен, мал шаруашылығымен, бау-бақшамен айналысады, сәндік өсімдіктер өсіру жақсы дамыған. Өнеркәсіп саласы құрылыс материалдарының өндірісімен ұсынылған.

Бесрабатта кірпіш зауыты мен мәрмәр цехы жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда «Фарзикент» ет базары, дүңгіршек, екі мектеп, ересектер мен балалар ауруханасы, екі балабақша бар.

Дереккөздер

Санат:Науаи облысы елді мекендері