Бахт () — Өзбекстанның Сырдария облысындағы ауданға бағынысты қала (1980 жылдан), темір жол стансасы. Қала халқы: 10 100 адам.
Сипаттама Бахт — шөл даланың солтүстік-шығысында орналасқан, Сырдария облысы үшін транзиттік орталық болып табылады. Ол М37 тас жолында (Ташкент-Термез) және Сырдария мен Хавасттың екі айрығының арасындағы темір жол бойында орналасқан. Қаладан бірнеше шақырым жерде-Қазақстанмен шекара өтеді.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Бахт — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 166-шы орында және өз аймағында (Сырдария облысы) 9-шы орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 26 078-ші орында.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Сырдария (13 км), Сайқұн (13 км), Диқанабат (19 км), Гүлістан (23 км), Шыназ (25 км), Наурыз (25 км), Досабат (25 км), Алмазар (30 км), Сардоба (30 км), Жетісай (31 км, Қазақстан), Аққорған (34 км), Гагарин (44 км), Бөке (44 км), Баяут (45), Гүлбахар (48 км), Жаңажер (51 км), Жаңажол (53 км), Жаңаабат (57 км), Хауас (57 км), Бустон (58 км, Тәжікстан).
Тарихы Бахт шөл даланың алғашқы даму толқыны кезінде ауыл болып іргесі қаланып, алғашында Великоалексеевка деп аталған. 1947 жылы ауылға қала үлгісіндегі поселке мәртебесі берілгенде оның атауы сәл ғана өзгертіліп, Великоалексеевский болып өзгертілді.
Қазіргі атауы 1963 жылы берілсе, 1980 жылдан Бахт қаласы болды. Оның елдің стратегиялық көлік бағыттарына жақын орналасуы қаланың дамуына жағдай жасады.
Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада мақта тазалау зауыты және бірнеше тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары (наубайхана, консерві зауыты, кондитерлік және алкогольсіз сусындар фабрикасы) орналасқан. 4 жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, балалар мен жасөспірімдер орталығы, оқушылардың шығармашылық орталығы, орталық аурухана, емхана, мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс жасайды.
Дереккөздер
Санат:Сырдария облысы қалалары