Қазақстан бокс федерациясы — Қазақстандағы бокстың дамуын үйлестіретін спорт ұйымы.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмурат Муталип Федерация кубогы деп аталатын турнирді қайта бастайтынын хабарлады. Турнир үш айға созылатын командалық, жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрайтын болады. Турнирдің басты мақсаты – өңірлерде боксты дамыту және ұлттық құраманың резервін қалыптастыру.

Құрылымы

2025 жыл Рақышев Кеңес Хамитұлы — Құрметті президент Мүтәліп Шахмұрат — Президент Еділов Тұрсынғали Нұржақыпұлы — Президент кеңесшісі Абдрахманов Болат Үкібайұлы — Аймақтармен жұмыс бойынша вице-президент Қызайбаев Дархан Еркінұлы — Халықаралық байланыстар бойынша вице-президент, 2026 жылдың қаңтар айында бірінші вице-президент болып тағайындалды. Ақаев Әлімжан Убайдаұлы — Жалпы істер және төрешілер корпусы бойынша вице-президент Ділдәбеков Мұхтархан Қобланбекұлы — Жаттықтырушылар штабының вице-президенті Әжібеков Оспан Даниярұлы — Қоғаммен байланыс және бизнес өкілдерімен қарым-қатынас жөніндегі вице-президент Ақшалов Мерей Төлегенұлы — Бас хатшы Игенев Рауан Еркінұлы — Атқарушы директор

Басшылары

1993–2000 – Бекет Махмұтов — оның тұсында Қазақстан бокс федерациясы AIBA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2000–2002 – Нұрлан Балғымбаев 2002–2004 – Ләззат Қиынов 2004–2005 – Асқар Құлыбаев 2005–2008 – Ұзақбай Қарабалин 2009–2019 – Тимур Құлыбаев 2019–2024 – Кеңес Рақышев 2024 жылдың ақпан айынан бастап – Шахмұрат Мүтәліп

Бас бапкерлер (ерлер)

Абдысалан Нұрмаханов (1991–1993) Тұрсынғали Еділов (1993–1996) Дамир Буданбеков (1996–1998) Тұрсынбек Жапаров (1999–2000) Тұрсынғали Еділов (2000–2004) - Сидней Олимпиадасынан кейін Дамир Буданбеков (2004–2009) Мырзағали Айтжанов (2009–2018) Ғалымбек Кенжебаев (2018–2021) Қайрат Сәтжанов (2021–2023) Мырзағали Айтжанов (2023–2024) Қайрат Сәтжанов (тамыз 2024 – қаңтар 2026) Париж Олимпиадасынан кейін. Денсаулығына байланысты қызметін босатты. Нұржан Нишанұлы Насанов (10 қаңтар 2026 – қазіргі ауақытқа дейін)

Бас бапкерлер (әйелдер) Әйелдер боксы Олимпиада ойындарының бағдарламасына тек 2012 жылы қосылды.

Вадим Присяжнюк (2005–2019) : Ерік Алғабек (2019 – 2021). Шәміл Сафиуллин (2021 – 2024). Елдос Сайдалин (2024 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін).

Тарихы

Алғашқы жылдар

1933 — Қазақстаннан шыққан тұңғыш спорт шебері Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен бокс Алматы қаласындағы «Динамо», «Спартак», «Медик» спорт қоғамдарында және Қарағандыдағы «Угольщик» спорт қоғамында дами бастады. 1937 — Алматыда алғаш рет жекелей-командалық біріншілік ұйымдастырылды. Оған үш спорт қоғамынан 50 боксшы қатысты. 1941 — республикалық бокс секциясы құрылып, ол Бүкілодақтық бокс секциясының құрамына енді. 1947 — қазақ боксшылары тұңғыш рет КСРО чемпионатына қатысты. 1953 — Геннадий Рожков КСРО чемпионатының финалисі атанды және Бухаресттегі Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалі жарыстарының қола жүлдегері болды. Ол — шетелде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшы. Сол жылы Варшавада өткен Еуропа чемпионатына КСРО құрамасы сапында қатысты. 1954 — Игорь Иванов КСРО чемпионатының финалисі атанды. 1956 — Виктор Каримов КСРО чемпионатының және КСРО халықтарының I Спартакиадасының қола жүлдегері атанды. 1957 — Абдысалан Нұрмаханов КСРО чемпионатының финалисі атанды. 1959 — республика бокс федерациясы қайта құрылып, КСРО бокс федерациясына кірді. Сол жылы өткен КСРО халықтарының Спартакиадасында қазақстандық боксшылар жалпыкомандалық есепте төртінші орын алды. Анатолий Кадетов чемпион атанды, Абдысалан Нұрмаханов қола жүлдегер болды.

1960 – 1980 жылдар

1960 — Виктор Каримов КСРО чемпионы атанды. 1962 — Владимир Каримов және Абдысалан Нұрмаханов КСРО чемпионатының финалистері атанды. 1963 — Абдысалан Нұрмаханов Джакартадағы ГАНЕФО ойындарының чемпионы болды. Ол КСРО чемпионаттарында екі күміс және үш қола медаль жеңіп алып, 1968 жылы Қазақстаннан шыққан тұңғыш КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 1964 — Владимир Каримов КСРО чемпионы атанды. 1965 — Владимир Каримов финалист атанды, Виктор Минаков қола жүлдегер болды. 1967 — Виктор Минаков және Абдысалан Нұрмаханов қола жүлдегерлер болды. 1968 — Марат Жақсыбаев, Борис Кошевин, Юрий Селиверстов және Виктор Минаков қола медаль жеңіп алды. 1969 — Жандос Кукумов пен Абдрашит Абдрахманов Лас-Вегаста өткен алғашқы КСРО–АҚШ кездесуіне қатысты.

1980 – 1991 жылдар

1980 — Мәскеу Олимпиадасында Виктор Демьяненко мен Серік Қонақбаев күміс медаль жеңіп алды. 1981 — Серік Қонақбаев Монреальда өткен Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Серік Нұрқазов Еуропа чемпионатының қола жүлдегері болды. 1982 — Серік Нұрқазов КСРО чемпионы атанды. 1983 — Мәскеудегі VIII Спартакиадада Қазақстан құрамасы 2-орын алды. Серік Нұрқазов Еуропа чемпионы атанды. 1984 — Гаванадағы «Достық» турнирінде қазақстандық боксшылар бірнеше жүлде жеңіп алды. 1986 — IX Спартакиадада Қазақстан құрамасы 2-орын алды. Игорь Ружников Ізгі ниет ойындарының чемпионы болды. 1988 — Александр Мирошниченко Сеул Олимпиадасында қола медаль иеленді. 1989 — Мәскеуде өткен Әлем чемпионатында Игорь Ружников алтын, Александр Мирошниченко күміс жүлде жеңіп алды.

1991 – 2000 жылдар

1991 — Минскіде өткен X Спартакиадада Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. 1992 — Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығына (AIBA) және Азия бокс конфедерациясына мүше болды.

2024 – қазіргі уақытқа дейін 2025 жылғы Ливерпульдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен 1-орында аяқтады. Қазақ тарихында тұңғыш рет ең ауыр салмақта чемпион шықты, Серік Сәпиевтен кейін араға 18 жыл салып 4 спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанды.

18 қыркүйек күні жеңімпаздарды Қасым-Жомар Тоқаев қабылдап, спортшылар мен олардың баспкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Қазақстан бокс федерациясына алғысын білдірді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Муталип Шахмурат 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing тұңғыш әлем чемпионатының жүлдегерлеріне сыйақылар көлемін жариялады.

Федерация тарапынан

🥇 100 мың АҚШ доллары (54,1 млн теңге), 🥈 50 мың доллар (27 млн теңге), 🥉 30 мың доллар (16 млн теңге).

Сонымен қатар бас бапкерлерге (ерлер мен әйелдер құрамасы) қосымша 100 мың доллардан қарастырылған. Жаттықтырушылар құрамы — аға жаттықтырушылар, көмекшілер, психологтар мен медицина қызметкерлері де сыйақымен қамтылады.

Мемлекет тарапынан

🥇15 000 доллар (8,1 млн теңге), 🥈 7000 доллар (3,7 млн теңге), 🥉 5000 доллар (2,7 млн теңге).

Жаттықтырушыларға төлемдер

🥇 10 000 доллар (5,4 млн теңге), 🥈 5000 доллар (2,7 млн теңге), 🥉 3000 доллар (1,6 млн теңге).

Ұлттық құрама жетістіктері Жылдар Президент Бапкер Олимпиада ойындары Әлем чемпионаттары Азия чемпионаты Азия ойындары 1993–2000 Бекет Махмұтов Тұрсынғали Еділов Дамир Буданбеков Тұрсынбек Жапаров 1996 Атланта 🥇 Василий Жиров — Вэл Баркер кубогы 🥈 Болат Жұмаділов 🥉 Ермахан Ибраимов 🥉 Болат Ниязымбетов

2000 Сидней 🥇 Бекзат Саттарханов 🥇 Ермахан Ибраимов 🥈 Болат Жұмаділов 🥈 Мұхтархан Ділдәбеков 1993 Тампере 🥉 Василий Жиров (75 кг)

1995 Берлин 🥈 Болат Жұмаділов (51 кг) 🥉 Василий Жиров (81 кг)

1997 Будапешт 🥈 Ермахан Ибраимов (71 кг) 🥉 Болат Жұмаділов (51 кг)

1999 🥇 Булат Джумадилов (51 кг) 🥈 Мухтархан Дильдабеков (+91 кг) 🥉 Ермахан Ибраимов (71 кг)

1998 Бангкок 🥇 Мұхтархан Ділдәбеков 🥇 Ермахан Ибраимов 2000–2002 Нұрлан Балғымбаев Тұрсынғали Еділов 2001 Белфаст 🥈 Ғалиб Жафаров (57 кг) 2002 Пусан 🥇 Геннадий Головкин 🥇 Нұржан Кәрімжанов 🥈 Мұхтархан Ділдәбеков 2002–2004 Ләззат Қиынов Тұрсынғали Еділов 2004 Афина 🥇 Бахтияр Артаев 🥈 Геннадий Головкин 🥉 Серік Елеуов 2003 Бангкок 🥇 Ғалиб Жафаров (57 кг) 🥇 Геннадий Головкин (75 кг) 2004–2005 Асқар Құлбаев Дамир Буданбеков 2005–2008 Ұзақбай Қарабалин Дамир Буданбеков 2008 Бейжің

🥇 Бақыт Сәрсекбаев 🥉 Еркебұлан Шыналиев 2005 Мяньянг 🥇 Серік Сапиев (64 кг) 🥇 Ердос Жаңабергенов (81 кг) 🥉 Біржан Жақыпов (48 кг) 🥉 Мұрат Сарсембаев (51 кг), 🥉 Бахтияр Артаев (69 кг)

2006 Нинбо (әйелдер) 🥉 Назгүл Боранбаева (46 кг)

2007 Чикаго 🥇 Серік Сапиев (64 кг) 🥉 Бахтияр Артаев (75 кг) 🥉 Еркебұлан Шыналиев (81 кг)

2008 🥉 Елена Кольцова (70 кг) 2006 Доха 🥇 Бақыт Сәрсекбаев 🥈 Бахтияр Артаев 🥈 Мұхтархан Ділдәбеков 🥉 Ғалиб Жафаров 🥉 Серік Сапиев 🥉 Дмитрий Готфрид 2009–2019 Тимур Құлбаев Мырзагали Айтжанов 2012 Лондон 🥇 Серік Сапиев — Вэл Баркер кубогы 🥈 Әділбек Ниязымбетов 🥉 Иван Дычко 🥉 Марина Вольнова (әйелдер)

2016 Рио-де-Жанейро 🥇 Данияр Елеусинов 🥈 Әділбек Ниязымбетов 🥈 Василий Левит 🥉 Иван Дычко 🥉 Дариға Шакимова (әйелдер) 2010 Бриджтаун 🥈 Марина Вольнова 🥉 Назгүл Боранбаева

2009 Милан 🥉 Серік Сапиев (69 кг)

2010 🥈 Марина Вольнова (81 кг) 🥉 Назгуль Боранбаева (46 кг)

2011 Баку 🥈 Серік Сапиев (69 кг) 🥈 Әділбек Ниязымбетов (81 кг) 🥉 Ғани Жайлауов (60 кг) 🥉 Иван Дычко (+91 кг)

2012 🥈 Юлдуз Маматкулова (+81 кг) 🥉 Назым Кызайбай (48 кг)

2013 Алматы 🥇 Біржан Жақыпов (49 кг) 🥇 Мерей Ақшалов (64 кг), 🥇 Данияр Елеусинов (69 кг) 🥇 Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) 🥈 Әділбек Ниязымбетов (81 кг) 🥈 Иван Дычко (+91 кг) 🥉 Қайрат Ералиев (56 кг) 🥉 Берік Абдрахманов (60 кг) 

2014 🥇 Назым Кызайбай (48 кг) 🥈 Ляззат Кунгебаева (+81 кг)

2015 Доха 🥈 Данияр Елеусинов (69 кг) 🥈 Иван Дычко (+91 кг) 

2016 Астана (әйелдер) 🥇 Жайна Шекербекова 🥇 Саида Хасенова 🥇 Дариға Шакимова 🥇 Ляззат Күнгейбаева 🥉 Айжан Қожабекова 🥉 Әсел Саденова

2017 Гамбург 🥇 Кайрат Ералиев (56 кг)  🥈Абильхан Аманкул (75 кг), 🥈 Камшыбек Кункабаев (+91 кг) 🥉 Ержан Жомарт (49 кг), 🥉 Абылайхан Жусупов (69 кг), 🥉 Василий Левит (91 кг) 

2018 Нью-Дели 🥈 Жайна Шекербекова (51 кг) 🥉 Карина Ибрагимова (60 кг)

2008 🥈 Жұлдызай Иманбаева 🥉 Оксана Королева 🥉 Дариға Шакимова 🥉 Саида Хасенова

2010 Астана 🥇 Жайна Шекербекова 🥇 Саида Хасенова 🥇 Дариға Шакимова 🥇 Марина Вольнова 🥈 Назгүл Боранбаева 🥉 Айгерим Аскарова 🥉 Елена Кольцова 🥉 Юлдуз Маматқулова

2013 🥇 Теміртас Жүсіпов (49 кг) 🥇 Берік Абдрахманов (60 кг) 🥇 Мерей Ақшалов (64 кг) 🥇 Данияр Елеусинов (69 кг) 🥇 Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) 🥇 Антон Пинчук (91 кг) 🥇 Иван Дычко (+91 кг) 🥈 Әділбек Ниязымбетов (81 кг)

2015 Бангкок 🥇 Олжас Саттыбаев 🥇 Данияр Елеусинов 🥇 Әділбек Ниязымбетов 🥇 Василий Левит 🥇 Иван Дычко 🥈 Закир Сафиуллин 🥉 Қайрат Ералиев

2015 Уланчаб 🥇 Дариға Шакимова 🥉 Гаухар Ермекбай 🥉 Мөлдір Базарбаева 🥉 Ляззат Күнгейбаева

2017 Ташкент 🥇 Василий Левит 🥈 Абылайхан Жүсіпов 🥈 Ерік Әлжанов 🥈 Камшыбек Қоңқабаев 🥉 Азамат Исақұлов 🥉 Қайрат Ералиев 🥉 Бекдәулет Ибрагимов 🥉 Әбілхан Аманқұл

2017 Хошимин 🥇 Мадина Нұршаева 🥈 Валентина Хальзова 🥉 Назым Қызайбай 🥉 Дариға Шакимова 🥉 Мөлдір Базарбаева 🥉 Ляззат Күнгейбаева 2010 Гуанчжоу 🥇 Серік Сапиев 🥇 Данияр Елеусинов 🥈 Біржан Жақыпов 🥈 Иван Дычко 🥉 Данабек Сужанов 🥉 Саида Хасенова (әйелдер)

2014 Инчхон 🥇 Ілияс Сүлейменов 🥇 Данияр Елеусинов 🥇 Жәнібек Әлімханұлы 🥇 Әділбек Ниязымбетов 🥇 Антон Пинчук 🥇 Иван Дычко 🥈 Біржан Жақыпов 🥈 Жайна Шекербекова 🥉 Марина Вольнова 🥉 Қайрат Ералиев 2019–2024 Кеңес Рақышев Ғалымбек Кенжебаев, Қайрат Сәтжанов, Мырзагали Айтжанов 2021 Токио 🥉 Сәкен Бибосынов 🥉 Камшыбек Қоңқабаев 2019 Екатеринбург 🥇 Бекзад Нұрдәулетов (81 кг) 🥈 Камшыбек Қоңқабаев (+91 кг) 🥉 Сәкен Бибосынов (52 кг), 🥉 Абылайхан Жүсіпов (69 кг) 🥉 Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) 🥉 Василий Левит (91 кг)

2019 Улан-Удэ 🥉 Милана Сафронова (64 кг) 🥉 Дина Исламбекова (+81 кг)

2021 Белград 🥇 Темиртас Жусупов (48 кг) 🥇 Сакен Бибосынов (51 кг) 🥈 Махмуд Сабырхан (54 кг), 🥈 Серик Темиржанов (57 кг) 🥉 Абылайхан Жусупов (69 кг)

2022 🥈Алуа Балкибекова (48 кг) 🥉 Жайна Шекербекова (52 кг), 🥉 Дина Жоламан (54 кг) 🥉 Карина Ибрагимова (57 кг) 🥉 Валентина Хальзова (70 кг)

2023 Ташкент 🥇Санжар Ташкенбай (48 кг) 🥇 Махмуд Сабырхан (54 кг), 🥇 Асланбек Шымбергенов (71 кг) 🥇 Нурбек Оралбай (80 кг) 🥈 Дулат Бекбауов (67 кг)

2023 🥈 Карина Ибрагимова (57 кг)