Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин (31 қазан 1971, Ақтөбе) — қазақстандық саясаткер, дипломат, 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап қызметтегі Малайзиядағы елші, одан бұрын Грузиядағы елші, Ақмола облысының әкімі болған.

Өмірбаяны Мырзалин 1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбеде дүниеге келді.

Білімі 1996 жылы Мырзалин Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын және 2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебін “халықаралық қатынастар маманы” мамандығы бойынша тәмамдады. Одан бөлек 2000-жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында аға дипломаттарға арналған халықаралық курстардан өтті. 2010 жылы саясаттану ғылымдарының кандидаты атанды.

Мансабы Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде референт, атташе, үшінші, екінші және бірінші хатшы болып бастады.

Одан кейін Батыс Қазақстан облысында жалғасты: 2004–2006 жылдары әкім аппаратының басшысы, 2006–2007 жылдары әкім орынбасары болса, 2006–2007 жылдары әкімнің бірінші орынбасары болды.

Енді Астанаға көшіп ол жақта 2008–2009 жылдары Нұр Отан ХДП Астана қаласы Орталық аппараты басшысының орынбасары, 2010 жылы 1 ай Қазақстан темір жолы компаниясы президентінің кеңесшісі болды. 2010–2011 жылдары ол — Қазақстан президенті Іс басқармасының аппарат басшысы, 2011–2013 жылдары — Қазақстан Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, 2013–2017 жылдары — Қазақстан президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2017 жылы қаңтарда президент өкімімен Қазақстан президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылы наурызда Қазақстан президентінің № 445 жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

2019 жылы Қазақстан президентінің № 881 жарлығымен Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылы Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 2026 жылғы 11 қыркүйекте ол лауазымынан босатылып, Малайзияға Төтенше және Өкілетті Елші болып аттанды.

Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Жанар Жақсылыққызы Мырзалина (1974 туған). Балалары: қызы — Динара (1996 туған) және ұлдары — Нұртай (2002 туған) мен Санжар (2009 туған).

Марапаттары мен атақтары Ерен еңбегі үшін медалі (2005); Құрмет ордені (2014); Парасат ордені (2021); Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Малайзиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Грузиядағы елшілері Санат:Ақмола облысының әкімдері Санат:Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектері Санат:Йель университеті түлектері Санат:Саясаттану ғылымының кандидаттары Санат:Қазақстан дипломаттары