Сиба-ину ( — бұталы орманның иті) — Жапонияда таралған аңшы иттердің бір тұқымы.

Бұл түр көне заманда пайда болған. Жапонияға тән алты ит түрінің ішінде сиба-инулар ең аласасы болып саналады.

Мінезі жылы шырайлы, қырағы, алайда қиқар, сонымен бірге ақылды болып келеді.

Мәдениетте Сиба-ину Doge деп аталатын интернет-мемнің пайда болуына себеп болды. Бұл мемде осы тұқымға жататын иттің суреті беріледі де, жанында Comic Sans қарпімен сол иттің ойлары жазылады — әдетте ағылшынша және қателермен.Good doge: How the internet adopted the Shiba Inu and gave it a forever home

2007 жылы «Мари мен үш күшігі туралы» фильм шығады. Онда бірнеше жыл бұрын Ниигата префектурасында орын алған шынайы оқиға туралы баяндалады. Жер сілкінісінен кейін сиба-ину тұқымының иті үйінділер астында қамалып қалған иелерін құтқару үшін үй жаққа құтқарушыларды әкеледі, бірақ сосын ұзақ уақытқа адамдарсыз қалады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Акита-ину Тоса-ину Хаски

Санат:Жапониялық ит тұқымдары