нобай|оңға|250px|Сыртқы істер министрі болған Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен Президент болған Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта), 2004 жыл, Вена нобай|оңға|Премьер-министр болған Қасым-Жомарт Тоқаев (сол жақта) пен Президент болған Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта), 2000 жыл, Мәскеу
Нұрсұлтан Назарбаев отставкасынан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бастапқы жылдарында Қазақстан Назарбаев пен Тоқаев арасындағы қос билік астында еді. Екі билеуші арасындағы келіспеушіліктер билік үшін күреске әкеп соқты да, «қос өкімет» Қаңтар оқиғасынан кейін жоқ болды.
Назарбаев отставкасына қарамастан құзыретін сақтап алды, ал отбасы саяси ықпалын жоғалтпай жүрген, Елбасы титулы мен Қазақстан Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы арқылы Назарбаев билікте де-факто қала берген. Тоқаев пен Назарбаев қос билігі халық арасынан қолдау алмағандай көрінді, елде наразылық шаралары, әсіресе мереке кезінде, қайталана берді.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың саяси ықпалы азайды да, қос билік өз аяғын көрді. 2025 жылы елдегі қос биліктің бар болғанын Тоқаевтың өзі мойындады.
Ой-пікір Елдегі бар қос өкімет жайлы теориялар Тоқаев президенттігінің бірінші жылында да бар еді. Қазақстан халқының біразы және Азаттық радиосы қолдаған бұл теориялар Назарбаевтың әлі де саясатпен айналыса бергені және Тоқаевтың одан кеңес іздегені дәлелдеген. Тоқаев «Назарбаевтың қуыршағы» еді деген болжамдар да болған. «Назарбаев бастапқыда биліктен кетпей жатты» деген тұжырымдарды қолдағандар қатарында саясаттанушы Досым Сәтпаев та болды.
Назарбаевтан кеңес алғанын Тоқаев тәжірибелі ізашарына құлақ асқаны-ақ деп түсіндірді. Кейін, 2025 жылғы қаңтарда берген сұхбатта Тоқаев елдегі қос биліктің шынымен де болғанын мойындады, Назарбаевтың Тоқаевқа пәрмен сөз айтқанын растады. Тоқаев сөзінше, бұл және басқа да себептер соңында қос биліктің аяқталуына әкелді. Тоқаев бұл кезеңді «қателік» десе де, Назарбаевты сонда да аса сынға алмай қойды, оның «Қазақстан алдындағы тарихи үлесінің» жақсы бағалануын талап етті. 2025 жылғы қаңтарда Тоқаев Назарбаевпен ай сайын әлі де сөйлесетінін айтты.
Барысы Тоқаев президенттігіне 1 жыл болғанда да Назарбаев түрлі шенеуніктермен кездесе бергенін тоқтатпады, 2019 жылғы қарашада ол Ташкентте өткен Орталық Азия басшыларының саммитіне де, желтоқсанда болған Санкт-Петербургтегі ЕЭО елдері басшыларының бейресми жиынына да Тоқаевтың орнына барған. Тоқаев, оған қоса, біраз шенеунікті тағайындамас бұрын Назарбаевтан бұл жайлы рұқсат сұрайтын жарлықтар жасайтын.
Саяси дағдарыс 2022 жылғы 16 қаңтарда Азаттық радиосы Тоқаев пен Назарбаев билік үшін қиян-кесі тартысқа түсті деп хабарлады. Бұны олар Тоқаевтың Назарбаевтардың «байлығын қайтармақ» болғанына сүйене айтты. Кейін берген сұхбатында Тоқаевтың өзі бұл қиян-кесі тартысты «саяси дағдарыс» деп сипаттады да, себебі ретінде Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада Astana Club кездесуінде Махатхир Мұхамедті еске алып, Ақордаға қайта келуін мүмкін дегенін және ТМД басшыларының кездесуіне Тоқаевтың орнына барғанын берді.
Аяғы 2022 жылғы қаңтарда елді дүр сілкіндірген Қаңтар оқиғасы орын алды. Олардан кейін Тоқаев пен Назарбаевтың шенеуніктері арасында билік үшін тартыс жүрді. Брюс Панниердің жазуынша, бұл тартыс мүмкін Назарбаев пен Тоқаевтың да арасында жүрген. Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев «Назарбаев пен оның отбасын толықтай биліктен тайдырды» деген қауесет өршіді, түрлі шетелдік сарапшылар қос билік енді жоқ болды, Тоқаев енді елдегі жалғыз билеуші деген ойға келді.
2025 жылғы қаңтарда Тоқаев қос биліктің шынымен де бар болғанын, алайда кейін аяқталғанын мойындады.
Дереккөздер
Санат:Нұрсұлтан Назарбаев Санат:Қасым-Жомарт Тоқаев Санат:Дуэттер