Анна Джейн (Туылған есімі Анна Николаевна Потапкина) - 14 қаңтар1988 жылы, Красноярск, КСРО - 1 ақпан 2023 жыл, Красноярск, Ресей Федерациясы. Өздерінің көптеген жасөспірімдерге арналған махаббат романдары арқылы танымал орыс жазушысы. Сонымен қатар, ол 2023 және 2024 жылдары Ресейдегі ең көп басылған көркем әдебиет авторы. https://www.rsl.ru/photo/!_ORS/7-RKP/1%20%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%83%D0%B3%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D0%B5%202023/11.1.pdf Анастасия Кейзерова. Самый издаваемый автор последних лет: Кто такая Анна Джейн https://rg.ru/2024/02/17/samyj-izdavaemyj-avtor-poslednih-let-kto-takaia-anna-dzhejn.htmlhttps://www.rbc.ru/technology_and_media/12/02/2025/67ac9a8a9a794759d0560d05
Өмірбаяны
Жастық шағы Анна Потапкина (немесе Анна Джейн) 1988 жылдың 14 қаңтарында Красноярск қаласында дүниеге келген. Ол Сібір федералды университетінде филология және психология факультеттерін бітіргені белгілі. Редактор және балалар психологы болып жұмыс істеген. Кішкентай кезінен жазушы болуды армандап, 2010 жылдан бастап өз шығармаларын интернет алаңдарында жариялай бастады.
Шығармашылық қызметі 2014 жылы оның хоббиі кәсіби қызметке айналды, өйткені оның шығармасын бір оқырманы АСТ баспасына жіберіп, баспамен ынтымақтастық ұсынысы түсті. 2015-2017 жылдары Анна Джейннің кітаптары «Звезда Рунета» сериясында шықты, ол әлеуметтік желілерде танымал авторлар үшін арналған болатын. 2017 жылы АСТ баспасы Анна үшін «Анна Джейн. Ең үздік кітаптар» атты жеке сериясын шығарды.
2023 жылдың ақпанында оның өлімінен кейін баспа 16 кітапты «Джейн Анна: махаббат әлемі» сериясында қайта басып шығарды. Осылайша, Анна ең көп кітап шығарған авторлар қатарына енді. 2024 жылы оның кітаптарының жалпы тиражы 2,2 миллион дананы құрады.https://www.rsl.ru/photo/!_ORS/7-RKP/3statistics/2024/knigi/god/11.1_2024_god.pdf
Өлімі Анна Джейн 2023 жылдың 1 ақпанында қайтыс болды. Оның өлімін әлеуметтік желілерді басқаруға көмектескен көмекшісі хабарлады. Өлім себебі айталмағынмен, бірақ жақындары денсаулыққа байланысты екенін айтты. Жазушының қабірі Красноярск қаласындағы жаңа «Бадалык» зиратында, 92 секторда орналасқан.
Кітаптары
Циклдері
Музыкальный приворот
2013 — Музыкальный приворот 2014 — Музыкальный приворот. Новое отражение 2017 — Музыкальный приворот. На волнах оригами 2017 — Музыкальный приворот. На крыльях 2018 — Я хочу тебя (қосымша) 2018 — Red Lords. Странные кумиры (қосымша) 2019 — Мы же семья (қосымша) 2020 — Его фанатка (қосымша)
Мой идеальный смерч
2014 — Мой идеальный смерч 2014 — Мой идеальный смерч. Часть 2. Игра с огнем 2015 — Мой идеальный смерч. Часть 3. За руку с ветром
Северная Корона
2012 — Северная корона. По звёздам 2012 — Северная корона. Против ветра
Мы — искры
2013 — Белые искры снега 2017 — Красные искры света 2019 — Волшебные искры солнца Аяқталмаған — Горящие искры сердца
Притворись моей парой
2018 — #Любовь и ненависть 2019 — #Любовь и ненависть 2019 — Восхитительная ведьма 2020 — Влюблённая ведьм
Небесная музыка
2018 — Небесная музыка. Луна 2019 — Небесная музыка. Солнце
Басқа авторлармен кітаптары
2011 — Отстань от моей мечты (Екатериной Васинамен бірге) 2015 — Нет, детка, это — фантастика! (Анна Селина псевдонимімен)
Жеке кітаптар
2016 — Кошмарных снов, любимая 2019 — Поклонник На подмостках волшебства
Әңгімелер
Дневник Сестры Школьные вампиры Остается только любить Недописанное Их королевское величество Моя утерянная звезда
Марапаттар
Лауреат
2020 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Young adult, Восхитительная ведьма) 2020 — Rock&Book (Ең жақсы әйелдік дыбыстау, Восхитительная ведьма) 2019 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Young adult, Поклонник) 2019 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Махаббат романы, #Любовь и ненависть) 2019 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Суперфинал, Поклонник) 2019 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Суперфинал, #Любовь и ненависть) 2018 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Young adult, #Любовь и ненависть) 2018 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Махаббат романы, Небесная музыка. Луна) 2017 — Лайвлиб оқырмандарының таңдауы (Жан түршігерлік оқиғалар, Кошмарных снов, любимая)
Сілтемелер
Лада Гильмуллина. В чем феномен покойной Анны Джейн и почему её книги раскупают охотнее, чем сочинения Булгакова и Достоевского.https://www.novochag.ru/family_and_children/istorii-lyudey/v-chem-fenomen-anny-djein-i-pochemu-eeknigi-raskupayut-ohotnee-chem-sochineniya-bulgakova-i-dostoevskogo/ novochag.ru. Екатерина Иосифова. Самая издаваемая писательница России: кто такая Анна Джейн, которая написала более 50 романов и умерла в 35 лет.https://mel.fm/zhizn/razbor/4639870-samaya-izdavayemaya-pisatelnitsa-rossii-kto-takaya-anna-dzheyn-kotoraya-napisala-boleye-50-romanov-i mel.fm.
Дереккөздер