«Америкалық трагедия» — Теодор Драйзердің 1925 жылы шыққан романы.

Шығарма 1906 жылы орын алған Честер Джилеттің өз көңілдесі Грейс Браунды өлтіруінің мән-жағдайларын зерттеуі нәтижесінде жазылған болатын.

Бұған ұқсас тағы бірнеше қылмысты әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан саралап, жазушы жеңіл байлықтың соңынан жүгірген жас адамның қайғылы тағдырын суреттеп береді.

2005 жылы Time журналы осы кітапты өзінің «ағылшынша үздік 100 роман» тізіміне енгізді."Time Specials: All Time 100 Novels"

Экрандалуы Роман сюжеті бірнеше фильмге арқау болды.

Дереккөздер

Санат:Ағылшын тілді романдар