Шалымбеков Бақия (10 желтоқсан 1865, Қарқаралы, Семей облысы – ө.ж.б.) – қазақтың тұңғыш фельдшерлерінің бірі, публицист, губерниялық хатшыАйдаров Даниял, Шаянбаева Салима. "Айтылмайтын арыстар немесе көне суреттер не дейді?" – Qazaqstan Tarihy порталы, 2024.. Верный қаласының алғашқы фельдшері.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Өмірбаяны 1865 жылы 10 желтоқсанда Қарқаралыда дүниеге келген. 1877-78 жылдары Қарқаралыдағы приход, училищесінде оқыған. Кейін омбы фельдшерлік мектебінің түлегі атанды.Попов Ю. Степной врач Чалымбеков (1880-1917) – Бұқар жырау жаршысы, 2020.

1885 жылы генерал-губернатор Г.Н.Колпаковскийдің тікелей араласуымен 4 жігітпен бірге Жетісуға жіберіледі. Верный уездік дәрігері И.И.Соболевскийдің жанында фельдшер болған. 1891 жылы коллеж-тіркеуші лауазымына ие болып, 1893-95 жылдары Дала генерал-губернаторы кеңесінде, Верный уездік басқармасында аудармашы, хатшы қызметтерін атқарды. 1917 жылы ақпанда Черняев (Шымкент) қаласында титулярлы кеңесші шенінде болған.

Лентаға тағылатын Александров күміс медалімен марапатталды.

Отбасы нобай|Гүлбахрам Бақияқызы Шалымбекова жары Мұхамеджан Тынышбайұлымен бірге. Верный қаласы. 1920 жыл. Қызы Гүлбахрам Шалымбекова Мұхамеджан Тынышбаевтың алғашқы жары болды. Екеуінің отбасында кеңестік белгілі Ескендір Тынышбаев дүниеге келді.

Белгілі ұрпақтары: Ескендір Тынышбаев, Махфузбек Ақаев, Гуляфруз бен Деляфруз Қияқовалар.

Дереккөздер

Санат:Дәрігерлер Санат:Верный ерлер гимназиясы түлектері Санат:Верный ер балалар гимназиясы түлектері Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қарқаралыда туғандар