Абай облысының мәслихаты — Қазақстан шығысындағы Абай облысының жергілікті бірпалаталы заң шығарушы органы, мәслихат. 2023 жылдан бері 32 депутатының жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалғаны партиясыз, бірмандатты округ бойынша сайланады.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бергі Абай облыстық мәслихатының төрағасы — Шалқар Байбеков.
Тарихы Абай облыстық мәслихаты 2022 жылғы 8 маусымда, Абай облысының өзімен қатар құрылды. Оның тұңғыш құрушы сессиясы сәйкесінше сол күні, Семейде өтті. Мәслихаттың жаңадан құрылғанына қарамастан оның тұңғыш шақырылымы жетінші делінеді.
Сайлау жүйесі Мәслихат депутаттары әр 5 жыл сайын қайта сайланады және олардың жартысы партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдік арқылы сайланады (бір партияға бір мандат алу үшін жалпы дауыстың кемінде 5%-ы қажет), ал қалған жартысы бірмандатты округ арқылы сайланады.
2023 жылғы сайлауға дейін олар заң шығарушы органда кез келген орынды жеңіп алу үшін қажетті 7% сайлау шегі бар партиялық тізім бойынша пропорционалды өкілдік негізінде сайланды. Егер бір партия ғана сайлау табалдырығын аттап өте алса, онда дауыс саны бойынша екінші орын алған партия шекті межеден өткен-өтпегеніне қарамастан, мәслихаттағы өкілдік үшін жеткілікті орынға ие болады. Мәслихаттың мүшесі 20 жасқа толған және бір ғана мәслихаттың мүшесі бола алатын Қазақстан азаматы бола алады.
Өкілеттіктері Қазақстан Конституциясының мәліметінше мәслихат облыстың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан конституциясының, заңдарының номаларын, әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келіседі, Қазақстан президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі.
Құрылымы VIII сайланған Абай облыстық мәслихатының 5 тұрақты комиссиясы бар: Экономикалық және қаржылық, кәсіпкерлік қызметті дамыту саласындағы; Агроөнеркәсiптiк кешен және экологияны дамыту саласындағы; Халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортты дамыту саласындағы; Өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалануды дамыту саласындағы; Депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар.
Қазіргі құрамы
Абай облыстық мәслихаты соңғы сайлауының қорытындысы ресми түрде 2023 жылғы 24 наурызда жарияланды. Партия тізімі бойынша сайланған мүшелер жіктелуі төмендегі кестеде көрсетілген. Қалған 15 мүше бір мандатты округтік дауыс беру арқылы сайланды.
+Партиялық тізім бойынша сайланған депутаттары Партиясы Мандат саны Аманат 13 Respublica 2 ҚХП 1Бірмандатты округ 15 Барлық мүшесі 30
Төрағалар тізімі №Аты-жөні Қызметі Партиясы 1 Қуаныш Сүлейменов8 маусым202230 наурыз2023 Аманат30 наурыз202313 желтоқсан20242Шалқар Байбеков13 желтоқсан2024—Аманат
Дереккөздер
Санат:Абай облысы Санат:Қазақстанның жергілікті өкілді органдары