Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов (7 наурыз 1966, Алматы) — қазақстандық дипломат, елші, экономист, Қазпошта төрағасы (2000—2006, 2011—2013). Экономика ғылымдарының докторы және II дәрежелі Төтенше және Өкілетті уәкіл.

Өмірбаяны 1966 жылы 7 наурызда Алматыда дүниеге келді.

Білімі 1988 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін “экономист” мамандығы бойынша тәмамдады. Одан бөлек, Джавахарлал Неру және Қазан университеттерінде тәжірибеден өтті. 2004 жылы “Қазақстанның қаржы-банк қызметтері нарығындағы пошта-жинақ жүйесі: реформалау теориясы, әдіснамасы және практикасы” тақырыбында жоба қорғап экономика ғылымдарының докторы атанды.

Мансабы 1992—1993 — "Қазақстан-Коммерция" РВПА бас маманы,"Қазхлебпродукт" мемлекеттік концернінің ЖЭС бөлімінің бастығы; 1993—1994 — Қазақстан Экономика министрлігі жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік басқармасының бастығы; 1994—1996 — Валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры; 1996—1998 — АТФ Банкі төрағасының кеңесшісі, орынбасары, коммерциялық Департамент бастығы; 1998—2000 — Қазақстан Халық банкі төрағасының кеңесшісі, Облыстық филиал директорының бірінші орынбасары, кредиттік департамент басшысы-Басқарушы директор, кредиттік тәуекелдер департаментінің директоры; 2000—2006 — Қазпошта төрағасы, төраға орынбасары; 2001—2005 — Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың пошта байланысы операторлары Кеңесі төрағасының орынбасары; 2003—2006 — “Пошталық байланыс. Техника және технология” журналының редакциялық алқасының мүшесі; 2005—2006 — Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың пошта байланысы операторлары Кеңесінің төрағасы; 2008—2011 — Қазақстан Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқарма мүшесі 2006—2011 — Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы; 2011—2013 — Қазпошта төрағасы; 2014—2019 — Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің Инвестициялар жөніндегі кеңесшісі; 2019—2022 — Қазақстанның Сингапур, Жаңа Зеландия және Аустралиядағы елшісі; 2023 — "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің” төрағасы.

Жеке өмірі Үйленген, әйелі Индира Сәбитқызы Бабаева (1967 туған) экономика ғылымдарының кандидаты. Балалары: 2 қызы — Азиза Арыстан мен Женева Арыстан (1998 туған). Қызы Женева 2024 жылы жазда тұрмысқа шықты.

Әкесі Кеңесбек Арыстанұлы Арыстанов геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент; анасы Күләнда Хәкімжанқызы Хәкімжанова медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбектері “Қаржы-банк қызметтері нарығындағы Қазақстанның пошталық жинақ жүйесі” монографиясы (2010); «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» монографиясы (2010); “Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы.” (2010); «Сингапурдың табыс құпиялары» кітабының электронды нұсқасы (2021).

Марапаттары Қазақстан кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы (2002); Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі (2004); Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі, Құрмет ордені (2005); Астанаға 10 жыл медалі (2008); Парасат ордені (2012); II дәрежелі Төтенше және Өкілетті уәкіл (2019).

Дереккөздер

Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан елшілері