Қанат Қобыландыұлы Тумыш (7 қараша 1975, Ақтөбе) — қазақстандық дипломат, елші. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі және философия докторы.

Өмірбаяны 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде дүниеге келді.

Білімі 1997 жылы Қазақ мемлекеттік университетін “халықаралық экономикалық қатынастар” мамандығы бойынша және 1999 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдады.

Мансабы 1997—1998 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Үшінші департаментінің мемлекеттік хаттама басқармасының референті; 1998—1999 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы; 1999—2001 — Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы (Түркия) консулдығының үшінші хатшысы; 2001—2003 — Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы; 2003—2003 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы; 2003—2005 — Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы; 2005—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бірінші хатшысы; 2006—2007 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азиялық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі, бөлім бастығы; 2007—2010 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары; 2010—2014 — Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесі Хатшылығының атқарушы директорының орынбасары; 2014—2015 — БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мәселелері жөніндегі Қазақстан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі; 2015—2016 — Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі; 2016—2019 — Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары; 2019—2023 — Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2023—2023 — Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2023 — Қазақстанның Вьетнамдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2024 — Қазақстанның Камбоджа мен Лаостағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

Жеке өмірі Үйленген, 3 баласы бар: 2 ұлы — Кемаль (1997 туған) мен Қайлар (2016 туған) және қызы — Этел (2003 туған).

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Марапаттары мен атақтары II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші; Қазақстан ҰОК президентінің Қазақстанда I Орталық Азия ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін алғысы (1997); Қазақстан Сыртқы істер министрінің Астананы Қазақстанның астанасы ретінде халықаралық таныстырылуына (1998), Ыстамбұлда өткен ЕҚЫҰ-ның VI саммитіне (1999), Алматыда өткен АӨСШК III Министрлер кеңесіне қосқан үлесі үшін (2008); Қазақстан Сыртқы істер министрінің Азия қоғамының Қазақстанда бірінші халықаралық іскерлік конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге қосқан үлесі үшін (2005), Қазақстанның сыртқы саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін және Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 15 жылдығына байланысты (2007) Құрмет грамоталары; Қытайдың Пекин Олимпиадасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медалі (2008); Қазақстанның халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі үшін Құрмет грамотасы (2009); Қазақстан Қарулы Күштерінің Халықаралық әскери достық дамытқаны үшін медалі (2010); ШЫҰ-ны құруға, нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін ШЫҰ-ға 10 жыл медалі (2011); Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін және Қазақстан дипломатиялық қызметінің 20 жылдығына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне 20 жыл медалі, АӨСШК процесін нығайту мен дамытуға қосқан ерекше қызметі және бағалы үлесі үшін АӨСШК шақыру бастамасына 20 жыл медалі (2012).

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Вьетнамдағы елшілері Санат:Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшілері Санат:Қазақстанның Камбоджадағы елшілері Санат:Қазақстанның Лаостағы елшілері Санат:Философия докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері