Ғұсман Даниярұлы Қырғызбаев (28 қыркүйек 1992https://www.ijf.org/judoka/16451, Ордабасы ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық дзюдошы, 66 келі салмақта 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2019, 2021) атанды. Өмірбаяны 12 жасында спортқа келіп, ағасымен бірге ұлттық күреспен айналыса бастайды. 2010 жылы ағайындылар мектепті бітіріп, Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсті. Алматы қаласы біріншілігінің іріктеу жарыстарына кездейсоқ қатысып, финалға өтті Карьерасы Дзюдошының алғашқы жаттықтырушысы Е.Отызбаев болды. 2014 жылы Ғұсман Қазақ спорт және туризм академиясын бітіріп, сертификатталған жаттықтырушы-оқытушы атанды. 2016-2018 жылдар аралығында ҚазҰУ-да құқықтану мамандығы бойынша білім алған.
2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізіп, үшінші орын үшін белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичті жеңді. Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері