Диёра Бахтиёровна Келдиёрова (; 13 шілде 1998Олимпедия сайтындағы профилі, Самарқан облысы) — өзбекстандық дзюдошы, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы. Әлем чемпионатының күміс (2023, 2024) және қола (2021), Азия чемпионатының алтын жүлдегері (2018, 2022).

Карьерасы

Бастапқы жылдар 2013 жылы Нанкин қаласында (Қытай) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. 2016 және 2018 жылдары дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен жазғы Азия ойындарында ол 48 келі салмақта екінші айналымда жапондық Олимпиада жүлдегері Ами Кондодан 10:0 есебімен жеңіліп, кейін турнирдің финалына өтті. Қайталау раундында ол кореялық дзюдошы Джон Ю Сунмен кездесті, бірақ 1:10 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады.

Париж-2024 2024 жылы 28 шілдеде Парижде өткен Олимпиадада 1/16 сында таза ниппонмен 10:1 есебімен 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында жапондық спортшы Ута Абеден жеңілгені үшін кек қайтарды. Ал финалда косоволық спортшы Дистрия Красничини жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Диёра Келдиёрова Өзбекстан тарихында Олимпиада ойындарында дзюдодан алтын алған тұңғыш спортшы. Және Өзбекстан әйелдері арасында жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы спортшыПрезидент Диера Келдиерованы құттықтады.

Дереккөздер

Сілтемелер

Диера Келдиерова Олимпиада чемпионы атанды

Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар Санат:Өзбекстан дзюдошылары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Дзюдодан Олимпиада чемпиондары Санат:Дзюдодан Азия чемпиондары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары