Асат Болатұлы Нұрпейісов (18 шілде 1987 жыл) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2024 жылдан бастап Президент Іс Басқарушысы.
Білімі 2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолы 2012—2015 жылдары KPMG Tax and Advisory менеджмент консалтингінде жұмыс істеген.
2015—2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің басқарма басшысы, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2016—2017 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.
2018—2019 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Жобалық басқару орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары, меңгерушінің міндетін атқарушы сияқты лауазымдарға ие болды.
2019—2022 жылдары Ұлттық Банк Төрағасы аппаратының басшысы, 2022—2023 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет етті.
2023—2024 жылдары Президент Іс басқарушысының орынбасары болды.Нұрпейісов Асат Болатұлы 2024 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды.Асат Нұрпейісов Президент Іс басқарушысы болып тағайындалды
Отбасы Әкесі Болат Ғазизұлы Нұрпейісов (1954 жылы туған) — мемлекет қайраткері, кәсіпкер. 1996–2006 жылдары Президент Іс Басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеген.ОТЧЕТ АО «Астана - Недвижимость» за 2007г. Әкесінің інісі Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов (1961 жылы туған) 2016–2020 жылдары Астана қалалық мәслихатының хатшысы болған.Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы 2019 жылы LRT ісі бойынша қамауға алынып, 2021 жылы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.LRT ісі бойынша қамауға алынған Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы туралы не білемізАстана LRT-дағы ақша жымқыру ісі бойынша үкім шықты. Ең ауыр жаза – 10 жыл түрме
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары