Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Үкіметі бекітеді.Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы (өзгерістер енгізілді - ҚР от 24.05.2018 № 156-VI)

Тарихи және мәдени ескерткіштер түрлері Еліміздің заңмаларына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштердің бес түрі бар: Бірінші түрі – археология ескерткіштері. Екінші түрі – қала құрылысы және сәулет ескерт­кіш­тері. Үшінші түрі – ансамбльдер мен ке­шен­дер. Төртінші түрі – киелі нысандар. Бе­сін­ші түрі – монументтік өнер құрылыс­тары.

Тарихи және мәдени ескерткіштерді бекіту, толықтыру, өзгерту және жаңарту бойынша деректер 1982 жылы 26 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-нің Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімі бекітілді.Постановление Совета Министров Казахской ССР от 26 января 1982 года N 38. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2008 года N 279. Бұл қаулыға 1997–2003 жылдар аралығында бірнеше өзгерістер енгізілді: 1997 жылы 28 мамырда Ақмола қаласының орталық бөлігін қалпына келтіру қажеттілігіне байланысты Ленин ескерткіші мен Кеңес өкіметі үшін күрескерлер мемориалы тізімнен шығарылды.Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 мамырдағы N 895 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен 2000 жылы 27 мамырда Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені мен Петропавлдағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші тізімге қосылдыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 805 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен, 2000 жылы 16 маусымда - Оғыланды маңындағы Бекет ата жерасты мешітіҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 897 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен , 2000 жылы 16 қазанда - Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президентінің резиденциясыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 қазандағы N 1535 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен , 2001 жылы 5 қазанда - Таңбалы петроглифтеріҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы N 1282 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен . 2003 жылы 21 сәуірде Қарағандыдағы Ленин ескерткіші тізімнен шығарылды. 2008 жылғы 21 наурызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Мемлекеттік тізімі қабылданды. Бұрынғы тізіммен салыстырғанда оған бір жаңа нысан (Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев ескерткіші) енгізілді және 19 ескерткіш (негізінен әртүрлі қалалардағы Ленин және басқа да кеңестік партия жетекшілерінің ескерткіштері) алынып тасталды.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 426 қаулысымен 2014 жылы 31 шілдеде Амангелді Иманов 1916 жылғы көтерілістің жетекшісі деп жарияланған тұрғын үй тізімнен шығарылып, Өскемендегі металлургтердің мәдени орталығы енгізілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысы 2019 жылғы 30 мамырдаРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы , 2020 жылғы 14 сәуірдеҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20397 болып тіркелді ., 2022 жылғы 14 қаңтардаРеспубликалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысы тізім ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен жаңартылды, оған жаңа нысандар енгізілді.

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20397 болып тіркелді . Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері саны 530, оның ішінде 1 ескетркіш (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі) халықаралық маңызға ие.

Астана қаласы + Р/с Тарих және мәдениет ескерткішінің атауы, салыну жылдары және сәулетшісі Ескерткіш суреті Ескерткіштің түрі Орналасқан жері 1 Бозоқ қалашығы, VІІІ-ІХ ғасырлар thumb|right|150px|Бозоқ қалашығы реконструкциясының орыны археология Астана қаласының оңтүстік-батыс бөлігі, Бұзықты көлінің шығыс жағалауы 2 Мұсылман мектебі, қазіргі – Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының ғимараты, сәулетші белгісіз, ХІХ ғасырдың соңы thumb|right|150px қала құрылысы және сәулет Отырар көшесі, 1/3 3 Тың игерушілер сарайы, қазіргі – "Астана" концерт залы, сәулетшілер П.Ю. Фогелс, О.Н. Крауклис, Д.К. Даннеберг, 1963 жыл, 2000-2001 жылдары реконструкция жүргізілген thumb|right|150px қала құрылысы және сәулет Кенесары көшесі, 32 Барлығы: 3 тарих және мәдениет ескерткіштері (1 – археология, 2 – қала құрылысы және сәулет).

Алматы қаласы