Вильгельм Эрнст Вендерс (; 14 тамыз 1945, Дюссельдорф, Германия) — неміс кинорежиссёрі, сценарийші, кинопродюсер және фотограф. «Жаңа неміс киносы» қозғалысының басты тұлғаларының бірі әрі көрнекті авторлық кино режиссері ретінде танылған. Көптеген беделді марапаттарға ие болған режиссердің қоржынында BAFTA сыйлығы, «Алтын пальма бұтағы», «Алтын арыстан» және құрметті «Алтын аю» марапаттары бар, сондай-ақ ол төрт мәрте «Оскар» және бір рет «Грэмми» сыйлығына ұсынылған.
Вендерс режиссерлік жолын 1970 жылы «Қаладағы жаз» (Summer in the City) туындысымен бастады. Ол «Париж, Техас» (1984) фильмі үшін үздік режиссура номинациясында BAFTA сыйлығын және «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алса, «Берлин аспаны» (Der Himmel über Berlin, 1987) туындысы үшін Канн кинофестивалінің үздік режиссері атанды. Оның басқа да айтулы еңбектерінің қатарында «Америкалық дос» (1977), «Соншалықты алыс, соншалықты жақын!» (1993) және «Керемет күндер» (2023) фильмдері бар.
Деректі кино саласында Вендерс «Буэна Виста әлеуметтік клубы» (1999), «Пина» (2011) және «Жер тұзы» (2014) туындылары үшін «Үздік деректі фильм» номинациясында үш мәрте «Оскарға» ұсынылды.
Вендерс 1996 жылдан 2020 жылға дейін Еуропалық киноакадемияның президенті қызметін атқарды. 2015 жылы оған құрметті «Алтын аю» сыйлығы берілді. Ол киномен қатар фотоөнермен де белсенді айналысады, оның фотожұмыстарында негізінен иен қалған ландшафттар бейнеленеді.
Дереккөздер
Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)