«Боз ат мінген адам» — Клинт Иствудтың басты рөлді өзі ойнап, өзі түсірген көркем фильмісі.
41 миллион доллардан астам түсім жинап, 1980-жылдардың вестерн фильмдері арасында ең табыстысы болып келеді.Dennis Shryack, Screenwriter on Clint Eastwood's 'The Gauntlet' and 'Pale Rider,' Dies at 80
Фильмнің атауы Библияның бір үзіндісіне сілтейді: «ал боз аттың үстінде отырған шабандоздың есімі Өлім».
Сюжет Калифорнияда алтын іздеушілердің шағын тобы Лахуд бандысының жортуылдарынан зардап шегіп жүреді. Ірі бай Кой Лахуд олардың жерін тартып алғысы және сондағы қорларды өзі игергісі келеді. Соңғы шапқыннан кейін 14 жасар Меган дұға оқып, құтқарылу жолын көрсетуді тілейді. Осы кезде өңірге Уағызшы деп аталып кеткен салт атты келеді.
Рөлдерде Клинт Иствуд — Уағызшы Майкл Мориарти — Халл Баррет Кэрри Снодгресс — Сара Уилер Крис Пенн — Джош Лахуд Ричард Дисарт — Кой Лахуд Даг Макграт — Спайдер Сидни Пенни — Меган Уилер Джон Расселл — маршал Стокбёрн Ричард Кил — Клаб Дереккөздер
Санат:Клинт Иствуд фильмдері Санат:1985 жылғы АҚШ фильмдері Санат:АҚШ вестерндері Санат:Warner Bros. фильмдері