Снигириха – Үбі жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегітау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха жəне Глубокое аудандары аумағында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1293 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3–4 км. Беткейі тіктеу, өзен, тау аңғарларымен тілімденген. Биік белдеуі жалаңаштанған. 1000 м-ден төмен бөлігін түгелдей аралас жапырақты орман көмкерген. Таудың солтүстік-батыс, батыс беткейлерінен Үбі өзенінің салалары бастау алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Глубокое ауданы таулары Санат:Шемонаиха ауданы таулары