Қима ауданы — 1970-1997 жылдары Целиноград және Торғай облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Жаңақима ауылы.

Тарихы Аудан 1970 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әкімшілік орталығы Қима ауылында құрылды.

1988 жылғы 2 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Целиноград облысының құрамына енді.

1990 жылғы 17 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының «Қазақ КСР құрамында Торғай облысын қалпына келтіру туралы» Жарлығымен қайтадан Торғай облысының құрамына енді.O восстановлении Тургайской области в составе Казахской ССР

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3466 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы» Жарлығымен Торғай облысы таратылды. Аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді.Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 3604 «Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» Жарлығымен Қима ауданы таратылып, аумағы Жақсы ауданының құрамына енді.Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы

Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 11 ауылдық кеңес пен 27 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері Алғабас ауылдық кеңесі Алғабас ауылы Алғабас Балталы ауылдық кеңесі Балталы ауылы Артықбай, Балталы, Меңдеш, Шұрымсай Беловод ауылдық кеңесі Беловодское ауылы Беловодское Есіл ауылдық кеңесі Трудовое ауылы Еркіндік, Қаракөл, Талдықора, Трудовое Жаңақима ауылдық кеңесі Жаңақима ауылы Жаңақима Запорожье ауылдық кеңесі Запорожье ауылы Запорожье, Новочудное Ишим ауылдық кеңесі Ишимское ауылы Ишимское, Қазақстан, Қызылту, Монастырка Кеңарал ауылдық кеңесі Үкі ауылы Амангелді, Жирен, Үкі Қима ауылдық кеңесі Қима ауылы Қима, Тайпақ Лозов ауылдық кеңесі Лозовое ауылы Донское, Лозовое Терісаққан ауылдық кеңесі Казгородок ауылы Байжігіт, Казгородок, Көксай

Халқы 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 20271 21110

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары