Ақшоқы – Сарықұлжа тауының солтүстік сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде, Талды өзенінің сол сағасы – Ащыөзен өзенінің бастауынан батысқа қарай орналасқан.

Жер бедері, өсімдігі Абсолюттік биіктігі 1143 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Тас көмір жүйесі жыныстарынан түзілген. Түпкі жыныстары ашылған таулық қызыл қоңыр топырағында негізінен бетеге, жусан, шілік өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары