Ақшоқы – Түнқатар тауының орта сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шығысында орналасқан.

Жер бедері, өсімдігі Абсолюттік биіктігі 960 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 1 км-ге созылып жатыр, енді жері 600 м. Девон жыныстарынан түзілген. Түпкі жыныстары ашылған таулық қызыл қоңыр топырағында негізінен түрлі шөп, сұлыбас, бетеге және шілік, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары