оңға|нобай|Албания Президенттік штандарты
Албания Президенті (), ресми қаратпа сөзі Албания Республикасының Президенті () — Албанияның мемлекет басшысы, армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы және албан халқы бірлігінің өкілі.http://www.wipo.int/edocs/lexdocs/laws/sq/al/al057sq.pdf (албанша) 86.1-ші мақала
Президент парламент сайлау күнін және референдумдың өткізілу күнін таңдай алады. Президенттің кешірім жасау құқығы және марапаттау құқығы бар. Өзiнiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз болған жағдайда Парламент спикерi президенттiң мiндетiн атқаратын болады, бұл президент осы өкiлеттiктер мен мiндеттердi қайта бастай алғанға дейiн немесе жаңа президент сайланғанға дейiн болады.https://www.osce.org/files/f/documents/3/2/41888.pdf Албанияның ағылшынша конституциясы; 18-ші бет. "Республика Президентi өз функцияларын уақытша атқара алмаған немесе оның орны бос болған кезде оның орнын Ассамблея Төрағасы алады және өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады."
Ұшылатын президенттік штандарттың сыртқы түрі мен қолданылуын Конституция анықтайды. Штандарт, Албанияның Конституциясы бойынша, Президент кеңсесінің, президент резиденциясының ғимараттарында, президент пайдаланған кезде көлік құралдарында және басқа да салтанатты жағдайларда қолданылады. Президенттің жұбайы Албанияның бірінші ханымы ретінде танылады, бірақ президенттікте ресми рөл атқармайды және ресми лауазымы болмайды. Ол Президент сарайында және ресми сапарларда көбінесе тек хаттамалық рөл атқарады. Резиденциясы ел астанасы Тиранадағы Президент резиденциясы ғимаратында орналасқан.
Президент парламентпен жасырын түрде, дебатсыз, 5 жылға сайланады.http://www.osce.org/albania/41888?download=true (ағылшынша) "Республика Президентiн Ассамблея жасырын дауыс беру арқылы және оның барлық мүшелерiнiң бестен үшiнiң көпшiлiк даусымен сайлайды." Албания конституциясы екі президенттік мерзімнен көп сайлануға тыйым салады. Сайланған Президент Парламенттің алдында ант береді. Қазіргі лауазым иеленушісі — Албания Социалистік партиясы ұсынған, 2022 жылы 24 шілде күні қызметін бастаған Байрам Бегай.
Президенттер тізімі
№ПортретіАтыМерзіміПартиясы25x25 нүкте Албан Республикасы (1925–1928)129x129 нүктеАхмет Зогу55x55 нүкте31 қаңтар19251 қыркүйек1928Консервативтік партиясы3 жыл, 7 ай25x25 нүкте Албания Республикасы (1991–)124x124 нүктеРамиз Әлия55x55 нүкте30 сәуір19913 сәуір1992Еңбек партиясы11 ай, 4 күн 105x105 нүктеСали Бериша55x55 нүкте9 сәуір199223 шілде1997Демократиялық партия5 жыл, 3 ай, 14 күн126x126 нүктеРеджеп Мейдани50x50 нүкте24 шілде199724 шілде2002Социалистік партия5 жыл4118x118 нүктеАльфред Мойсиу50x50 нүкте24 шілде200224 шілде2007Партиясыз5 жыл112x112 нүктеБамир Топи45x45 нүкте24 шілде200724 шілде2012Демократиялық партия5 жыл127x127 нүктеБуяр Нишани45x45 нүкте24 шілде201224 шілде2017Демократиялық партия5 жыл 105x105 нүктеИлир Мета40x40 нүкте24 шілде201724 шілде2022Интеграция үшін социалистік қозғалыс5 жыл8 105x105 нүктеБайрам Бегай40x40 нүкте24 шілде2022—Партиясыз1 жыл+
Дереккөздер
Санат:Албания президенттері Санат:Президенттер тізімі