Байрам Бегай (, 20 наурыз 1967 жыл, Тирана облысы) — албаниялық әскери және саяси қайраткер, 2022 жылдан бері елдің президенті.

Албания әскерінде ұзын мансабы бар Бегай тағы Албания Қарулы Күштері Бас штабының 26-басшысы болған. Өзі партиясыз болғанымен, 2022 жылғы президент сайлауында оны биліктегі Социалистік партия ұсынған еді.

Өмірбаяны нобай|250x250px|Байрам Бегай (оң жақта) және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев (сол жақта)

Байрам Бегай 1967 жылғы 20 наурызда қазіргі Тирана облысындағы қаласында дүниеге келді. Ол Тирана медициналық университетінен білім алды да, медицина офицері қызметін белсенді атқарды.

Өзінің 31 жыл бойы созылған әскери мансабында Бегай көптеген оқу семинарларына қатысып, Қауіпсіздік және қорғаныс, Медицинаның жоғары оқу орнынан кейінгі мектебі, гастрогепатология бойынша аспирантура, аурухана менеджменті курсы, Америка Құрама Штаттарындағы стратегиялық медициналық көшбасшылық курсы, Медицина саласындағы мамандандыру курсы және Грекиядағы денсаулық курстарын аяқтады.

Бегай бұдан бұрын Албания Қарулы Күштеріндегі доктрина және Жаттығу қолбасшылығын басқарған, әскери-дәрігерлік бөлімшенің бастығы және СУТ әскери директорының орынбасары, Әскери госпиталь директоры, Денсаулық сақтау инспекциясының директоры және басқа да лауазымдарда болды. Кейінірек ол Албания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды және қызметін 2020 жылы 29 шілде күні бастап, 2022 жылдың 4 маусымында аяқтады.

Албания президенті (2022–) Бегайды Албания парламенті 2022 жылғы 4 маусымда 78 қолдап, 4 қарсы және 1 қалыс қалған дауыспен президент рөліне сайлады. Оппозицияның 57 депутаты кандидаттарды атау үрдісі заңсыз болды деп, дауыс беруге бойкот жариялады. Ол 2020 жылғы 24 шілдеде Илир Метаның ізбасары болып, Албанияның 9-Президенті атанды.

Өз өмірі Бегай Арманда Бегайға үйленген және Дориан мен Клайди есімді екі ұл баласы бар.

Дереккөздер

Санат:XX ғасыр саясаткерлері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Албания генералдары Санат:Албания саясаткерлері Санат:Албания президенттері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары