Саронг (са­рунг, ин­до­нез. sarong) — Оңтүстік-шығыс Азия мен Океания халықтарының дәстүрлі ерлер мен әйелдер киімі. Мақта мата немесе жібек нобай|оңға|200px|Саронг киген бала (Бангладеш) матадан ені шамамен 1 м және ұзындығы 2,5 м-ге дейін тігілген ұштары бар белге оралған бүрмелі белдемше.Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/3536883 Ерлер матаны белге орап, ол төменгі денені тобыққа дейін еркін жабады, әйелдер де сол мақсатта кеуде астына мата кесіндісін байлайды. Ең көп таралған елдер - Мьянма, Полинезия, Индонезия, Үндістан, Бангладеш және Камбоджа. Бір қызығы, іш киім дәстүрлі түрде бұл киімнің астына киілмейді, сондықтан олар сырғып кетпес үшін дұрыстап байлау белгілі бір шеберлікті қажет етеді. Жергілікті тұрғындардың қимыл-қозғалысы мен жүрісі осыдан тегістік пен жұмсақтыққа ие болады.Саронг: что это https://tkaner.com/odezhda/sarong-chto-eto/

Әртүрлі халықтардың саронгты байлаудың өзіндік әдістері бар, бірақ барлық жағдайларда оны пайдалану бір мақсатқа қызмет етеді - теріні күннен қорғау және ыстық тропикалық климатта денені төменнен желдетуді қамтамасыз ету. Саронг қазіргі уақытта жағажай киімі ретінде танымал болуда.

Дереккөздер

Санат:Киім Санат:Үндістан мәдениеті