Қызылащы – Асутау (Азутау) жотасының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қараой ауылының солтүстігінде 17 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1735 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км шамасында. Беткейлері тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Оңтүстігі мен шығысынан Қалжыр, Шаңдыбұлақ, Бетпақдала, Шеттерек өзендерінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы девон шөгінділерінен, пермь гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдас шалғындар, оңтүстік беткейінде далалық шалғынды-бетегелі селеу, солтүстік беткейінде сұр күлгінді топырағында майқарағай орманы өскен. Солтүстігінде Тақпыр, шығысында Тарлаулы қыстаулары бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары