Мыңтүп — Каспий теңізінің шығысында, Қарақұм құмды алқабының солтүстігіндегі сор алқабы.

Географиялық орны Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл кентінен оңтүстік батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Сор оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8-10 км-ге созылған, ені шамамен 10 км. Сордың бетінде сирек сораң шөптер өскен. Көктем, күз айларында шалшықты сорға айналады. Батысымен Қаратон-Қосшағыл-Құлсары көлік жолы және мұнай құбыры өтеді.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Сорлар Санат:Атырау облысы географиясы