Отаркөл – Ойыл алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны Атырау облысы Индер ауданы, Кетебай ауылының шығысында 26 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 8,5 м төмен жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км. Көлге солтүстігінен Бұлқияқ өзені құяды. Көктемде еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, түбі лайлы. Солтүстігінде Ақтөбе, оңтүстік батысында Қарасор көлдері бар. Жазда тартылып жағалауы сор батпаққа айналады.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы көлдері Санат:Ойыл су алабы көлдері