Козак Владимир Анатольевич ( /Козак Владимир Анатольевич; 12 маусым 1993 жыл, Ташкент, Өзбекстан ) — өзбек футболшысы . Ташкенттің «Пахтакор» клубы мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы.

Карьерасы Владимир Козак кәсіби карьерасын 2010 жылы «Пахтакордан» бастады. 2014 жылдың соңына дейін жетпіс төрт матчта сегіз гол соқты.

2014 жылдың 29 мамырында Өзбекстан құрамасының сапында Оман құрамасымен жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. Бұған дейін ол Өзбекстан жастар мен жасөспірімдер құрамаларында ойнаған.

Жетістіктері

Өзбекстан чемпионы (2): 2012, 2014 ж Өзбекстан вице-чемпионы: 2010 ж Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011 ж Өзбекстан кубогының иегері: 2011 ж

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары