Александр Доктуришвили (, ; 22 мамыр 1980 жыл, Сартичала, Гардабан ауданы, Грузин КСР, КСРО) — грузиялық және өзбекстандық балуан, грек-рим күресінен 2004 жылғы Жазғы Олимпиада чемпионы.

Өмірбаяны 2001 жылы Грузия атынан Еуропа чемпионы атанды.

2001 жылы Өзбекстан азаматтығын алды да, Өзбекстан атынан сынға түсе бастады. 2004 жылы Афинада өткен жазғы Олимпиада ойындарында 74 келіге дейінгі салмақта (орта салмақта) күресті. 20 адамнан тұратын турнирге қатысушылар алты топқа бөлінді, олардың әрқайсысында топтық кезең жүйесі бойынша күрес жүргізілді. Александр Доктуришвили топта жеңіске жетті және ширек финалда сүрінбей өтіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда Александр Доктуришвили айқын фаворит, Олимпиада чемпионы Вартерес Самургашевті жеңді, содан кейін финалда жеңіп, Олимпиада ойындарының чемпионы болды.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша балуандар Санат:Грузия балуандары Санат:Өзбекстан балуандары Санат:Күрестен Олимпиада чемпиондары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Күрестен Еуропа чемпиондары Санат:Күрестен Азия чемпиондары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Күрестен әлем чемпиондары