Александр Сергеевич Киров (4 қыркүйек 1984 жылТransfermarkt.com, ) — қазақстандық футболшы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Мансабы Клубтық Алматы футболының түлегі. 2002 жылы 18 жасында "ЦСКА-Жігер" сапында карьерасын бастады. 2003 жылғы маусымды "Каспий" сапында өткізді.
2004 жылы бірінші лигадағы "Қарасай Сарбаздары" клубына ауысты.
2005 жылы "Восток" футболшысы атанды. Маусым соңына дейін чемпионатта 21 рет алаңға шықты.
2006 жылы "Алматы" клубына ауысты.
2009 жылы "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионы атанды. Жыл соңында "Локомотивке" ауысты.
2011 жылы "Шахтерға" жалға берілді 2012 жылы Қарағандылық клуб түпкілікті сатып алды. Бірақ 2013 жылдың басында "Астанаға" қайта оралды.
2014 жылы тағы да "Шахтерға" ауысты.
Ұлттық құрама 2008 жылы 11 қазанда Англияға қарсы сырт алаңдағы ӘЧ-2010 іріктеу матчында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бернд Шторк бапкер болып тұрғанда құрамаға тоқтаусыз шақырылып тұрды.
2013 жылы маусым айында Алматыда Болгариямен ойында құрама сапында соңғы ойынын өткізді.
Жетістіктері
Командалық
«Каспий» (Ақтау)
Бірінші лига қола жүлдегері: 2003
«Қарасай-Сарбаздары»
Бірінші лига күміс жүлдегері: 2004
«Алматы»
Қазақстан кубогы: 2006 Қазақстан кубогының финалисі: 2008
«Ақтөбе»
Достастық кубогының финалисі: 2009
«Атырау»
Қазақстан кубогы: 2009
«Локомотив» / «Астана»
Қазақстан вице-чемпионы: 2013 Қазақстан кубогы: 2010 Қазақстан суперкубогы: 2011
«Шахтёр»
Қазақстан чемпионы: 2011, 2012
Жеке
Премьер-Лигадағы үздік 33 (4): № 1 (2010, 2011); № 2 (2009, 2012) Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары Санат:Сұңқар ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қоқан-1912 ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары