Артур Гаврилович Шушеначев (7 сәуір 1998Тransfermarkt.com, , Қазақстан) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ақтөбе" клубының шабуылшысы.

Мансабы Клубтық Тараз футболының түлегі. 2015 жылы "Тараздың" негізгі клубына қабылданғанымен алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды. Есесіне команданың фарм клубы сапында екінші лигада ойнады.

2017 жылы "Қайратқа" ауысты. 26 тамызда "Жетісуға" қарсы ойында тұңғыш рет чемпионатта алаңға шықты. Сол маусымда "Қайрат Жастар" клубында да ойнады. 2019 жылы 19 қарашада "Тобыл" қақпасына премьер лигадағы тұңғыш голын енгізді.

2020 жылы клубтың негізгі ойыншысына айналды.

2021 жылы 12 тамызда еурокубоктердегі тұңғыш голын сырт алаңда "Алашкерт" қақпасына енгізді, бұл УЕФА Еуропа лигасы болатын. 19, 26 тамыз күндері "Фола" қақпасына үш гол соқты (УЕФА Конференциялар лигасы).

Ұлттық құрама Қазақстанның 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамдағы алғашқы ойындарын 2021 жылы қыркүйекте ӘЧ-2022 іріктеуінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы өткізді.

Жетістіктері

Қазақстан чемпионы: 2020 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2017, 2018, 2019 Қазақстан кубогы: 2017, 2018, 2021

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Хапоэль Беэр-Шева ФК ойыншылары Санат:Сочи ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары