Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы (IATA: HSA, ICAO: UAIT) () — Түркістан қаласында орналасқан әуежай. 2020 жылы салынған. Ол Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінде орналасқан.

Тарихы Әуежай өз тарихын 2020 жылдан бері бастайды. Әуежайы жалпы 900 гектар аумақты қамтиды. Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салыныды. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

Ұшып-қону жолағы Ұшып-қону жолағының көлемі 3300х45 м. құрайды.

Әуе компаниялары мен бағыттар

Қазақстандық әуе компаниялары Түркістан қаласынан бірінші кезеңде Астана, Алматы қалаларына рейстер ашады және одан әрі түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа да облыс орталықтарымен қатынас орнатады.

Бастапқы кезеңде Turkish Airlines әуе компаниясы Ыстамбұлға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы шетелдік компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылатын болады, бұл шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайынан ұшып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары

Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Түркістан