Убальдо Матильдо Фильоль (; 21 шілде 1950https://web.archive.org/web/20080905190911/http://www.ubaldofillol.com/, ) — аргентиналық футболшы, қақпашы. 1978 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы 1978 жылғы әлем чемпионатында Аргентина футболшылары әліпби бойынша нөмірленді де, Фильоль қақпашыларға тән емес 5-нөмірде ойнады. Ал 1982 жылғы әлем чемпионатында 7-нөмірмен ойнады. Жалпы Фильоль үш әлем чемпионатында (1974-1978-1982) құрама қақпасын қорғады.

"Ривер Плейт" сапында төрт рет Аргентина чемпионы атанды. Футбол ойнауды 1991 жылы 41 жасында тоқтатты. Кейін бірнеше клубта қақпашылар бапкері боп жұмыс жасады.

Жетістіктері

Халықаралық Әлем чемпионы: 1978

Клубтық Аргентина чемпионы: 1975, 1977, 1979, 1981 («Насьональ») Либертадорес суперкубогы: 1988 Испания суперкубогы: 1985 Кубок иелері кубогының финалисі: 1985/1986 (Атлетико Мадрид).

Дереккөздер

Сілтемелер El arquero «biónico»

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Авельянеда ФК ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Архентинос Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Велес Сарсфилд ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Расинг Авельянеда ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары