Даниэль Альберто Пассарелла (, родился 25 мамыр 1953 жыл, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы 1978, 1986 жылдары әлем чемпионы атанды. Екі дүркін әлем чемпионы атанған Аргентинадағы жалғыз футболшы.
1978 жылғы әлем чемпионатында капитан ретінде ойнады. Топтық кезеңде Францияның қақпасына бір гол соқты.
1986 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады. Оған денсаулығының нашарлығы себеп болса, екінші жағынан құрама бапкері Карлос Билардо мен капитаны Диего Марадонамен ара-қатынасы салқындау болды. Футболшының естеліктеріне сенсек, бапкер мен капитан Пассарелланы алаңға шығармаудың барлық тәсілін қолданған. Есесіне Пассарелла да әлем чемионы атанды.
1989 жылы "Ривер Плейтте" ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, артында осы клубқа бапкер болды.
1998 жылғы әлем чемпионатына Аргентина құрамасының бапкері ретінде барды, құрама 1/4 финалдан аса алмады.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Аргентина чемпионы: Метрополитано 1975, Насьональ 1975, Метрополитано 1977, Метрополитано 1979, Насьональ 1979, Метрополитано 1980, Насьональ 1981 Либертадорес кубогының финалисі: 1979 («Ривер Плейт»)
Әлем чемпионы: 1978, 1986
Жеке
Аргентинадағы жыл футболшысы: 1976 ФИФА 100: 2004
Бапкер ретінде
Аргентина чемпионы; 1989/1990, Апертура 1991, Апертура 1993 Мексика чемпионы
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1996
Оңтүстік Америка жыл бапкері: 1997
Дереккөздер
Сілтемелер Биографиясы (PlanetWorldCup.com) Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ривер Плейт ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Ривер Плейт ФК жаттықтырушылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Парма ФК жаттықтырушылары Санат:Монтеррей ФК жаттықтырушылары Санат:Толука ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары