нобай|Көздегі choroid және басқа қабықтар Хориоидеа немесе меншiктi тамырлы қабық — көздегі тамырлы қабықтың негізгі бөлігі; кірпікті дене мен нұрлы қабықты бөліп тұрады.

Хориоидеа торлы қабықтың қоректенуiн қамтамасыз етедi, бояутек жасушалары көп борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан тұрады.Көру ағзасы

Құрылысы Хориоидеа келесі қабаттардан тұрады: Тамырүстілік пластинка (lamina suprachorioidea) — сыртқы қабаты. Тамырлы пластинка (lamina vasculosa) — қантамырлар шоғырланған қабат. Тапетум ( — жарқырауық кілемше) — бұл қабат адамда және кейбір жануарларда кездеспейді. Ымырт кезінде белсенді аңдар үшін маңызды. Мысалы, қараңғыда мысықтың көзіне түскен жарықтың шағылып көрінуі осы тапетумге байланысты. Тамырлы-капиллярлы пластинка (lamina choroidocapillaris) — нұрлы қабықты қоректендіретін капиллярлық желіні қамтитын қабат. Брух мембранасы — нұрлы қабыққа тікелей жанасатын негіздік жарғақ.

Ауруы Осы мүшенің қабынуы хориоидит, кейде хориоретинит деп аталады.

Дереккөздер

Санат:Көз