«Спарта» ( Athletic Club Sparta Praha Fotbal ) — Чехия бірінші лигасында ойнайтын прагалық кәсіпқой футбол клубы. 1893 жылы құрылған. Чех футбол клубтарының ішіндегі ең табысты ұжым. «Спарта» 21 рет Чехословакия чемпионы, 12 рет Чехия чемпионы болды.
Тарихы 1893 жылдың аяғында ағайынды Рудлдар бастаған бір топ жастар (Вацлав, Богумил және Рудольф) спорт клубын құруға шешім қабылдады. 16 қарашада арнайы жиналыста клуб жарғысы қабылданды, ал бір айдан кейін 17 желтоқсанда алғашқы жылдық жиналыс өткізілді.
Атаулары
1893 - А.К.Краловске Винохради ( Athletic Club Královské Vinohrady) 1894 - АК Спарта ( Athletic Club Sparta) 1948 - АК Спарта Бубенеч ( Athletic Club Sparta Bubeneč) 1949 - Спарта ( Sokol Bratrství Sparta) 1951 - Спарта ČKD Прага ( Спарта Českomoravská Kolben Daněk Praha) 1953 - TE Спартак Прага Соколово ( Tělovýchovná jednota Spartak Praha Sokolovo) 1965 - TE Sparta ČKD Прага ( Tělovýchovná jednota Sparta Českomoravská Kolben Daněk Praha) 1990 - TE Sparta Praqa ( Tělovýchovná jednota Sparta Praha) 1991 - Прага АК Спарта ( Атлетикалық клуб Спарта Прага) 1993 - Прагадағы АК Спарта ( Атлетикалық клуб Sparta Praha fotbal, as)
Жетістіктері
Ұлттық Чехословакия/Чехия чемпионаты
Чемпион (35): 1925/26, 1926/27, 1931/32, 1935/36, 1937/38, 1938/39, 1943/44, 1945/46, 1947/48, 1952, 1954, 1964/65, 1966/67, 1983/84, 1984/85, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1989/90, 1990/91, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2000/01, 2002/03, 2004/05, 2006/07, 2009/10, 2013/14, 2022/23, 2023/24
Чехословакия/Чехия кубогы
Жеңімпаз (16): 1963/64, 1971/72, 1975/76, 1979/80, 1983/84, 1987/88, 1988/89, 1991/92, 1995/96, 2003/04, 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2013/14, 2019/20, 2023/24
Суперкубок
Жеңімпаз (2): 2010, 2014
Сілтемелер
https://sparta.cz/
Санат:Чехия футбол клубтары Санат:Чехословакия футбол клубтары