Гаэль Живе (; 9 қазан 1981https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5286, Арль, Франция) — франциялық футболшы, қорғаушы. 2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Карьерасы Карьерасында Франция және Англия клубтарында, Франция жастар құрамасында және ұлттық құрамасында ойнады.

2000 жылы карьерасын "Монако" клубында бастады. Жеті жыл бойы ойнап, Франция чемпионатының 178 кездесуінде алаңға шықты, 2004 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисі атанды. Финалда "Монако" "Портудан" ұтылды, бұл ойында Гаэль 90 минут бойы ойнады.

2007 жылы "Олимпик Марсельге" ауысты.

2009 жылы қаңтарда "Блэкберн Роверске" жалға берілді. Сол жылы жазда англиялық клуб оны түпкілікті сатып алдыhttp://www.setanta.com/uk/Articles/Football/2009/05/26/Premier-League-Blackburn-strike-Givet-deal/gnid-54577/ .

2014 жылы қаңтарда "Эвианға", сол жылы жазда туған қаласындағы "Арль-Авиньонға", 2015 жылы "Тур" клубына ауысып, 2016 жылы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

УЕФА Чемпиондар лигасының финалисі: 2004 Әлем чемпионатының финалисі: 2006 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионы: 2000

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (Yahoo eurosport) Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Арль-Авиньон ФК ойыншылары Санат:Эвиан ФК ойыншылары