Клаудио Раньери (; 20 қазан 1951https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/169654, Рим) — италиялық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасында Ұлттық құрамалардан тек Грекия құрамасын ғана (ЕУРО-2016 іріктеуінде) жаттықтырдыhttp://rsport.ru/football/20140725/760329224.html. Бірақ оның бапкерлігімен өткен алғашқы төрт кездесуде құрама бір ғана ұпай алды. Осылайша 2014 жылы қарашада ол қызметтен кетті.

Одан бөлек "Челси", "Валенсия", "Парма", "Ювентус", "Интер", "Рома", "Монако" секілді атақты клубтарды баптады. Бапкер ретінде тұңғыш табысына 1993/94 жылғы маусымда қол жеткізді, "Фиорентина" бапкері ретінде Италия чемпионатының В сериясында жеңімпаз атанды. Екі маусымнан соң осы клубпен бірге Италия чемпиондығын бағындырды.

Еуропадағы тұңғыш табысына 2004 жылы "Валенсия" бапкері ретінде қол жеткізді, УЕФА Суперкубогын ұтып алды.

2016 жылы "Лестер Сити" клубымен бірге сенсация жасап, Англия чемпионы атанды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде «Палермо»

C1 сериясының жеңімпазы: 1984/85

Бапкер ретінде «Кальяри»

C сериясы кубогы: 1988/89

«Фиорентина»

B сериясының чемпионы: 1993/94

Италия чемпионы: 1995/96 Италия суперкубогы: 1996

«Валенсия»

Испания кубогы: 1998/99 Интертото кубогы: 1998 УЕФА суперкубогы: 2004

"Монако"

2 лига жеңімпазы: 2012/13

«Лестер Сити»

Англия чемпионы: 2015/16

Жеке

Англия чемпионатының үздік бапкері: 2015/16 ФИФА версиясы бойынша жылдың үздік бапкері: 2016 Энцо Беарзот жүлдесі: 2016

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Италия футболшылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Катания ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Фиорентина ФК жаттықтырушылары Санат:Кальяри ФК жаттықтырушылары Санат:Наполи ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Атлетико Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Парма ФК жаттықтырушылары Санат:Рома ФК жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары Санат:Интернационале ФК жаттықтырушылары Санат:Монако ФК жаттықтырушылары Санат:Лестер Сити ФК жаттықтырушылары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Нант ФК жаттықтырушылары Санат:Фулхэм ФК жаттықтырушылары Санат:Сампдория ФК жаттықтырушылары