Бауыржан Байтана Нұрланұлы (6 маусым 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/236217, Жамбыл, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Тараз" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы

Клубтық Жамбыл футбоының түлегі. 2010 жылы "Тараз" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2013 жылға дейін "Атырау", "Сұңқар", "Тобыл" клубтарына жалға берілсе де, "Тараз"сапында 50 рет чемпионат ойындарында алаңға шығып үлгерді.

2014 жылы жазда Алматының "Қайратына" ауысты.

2015 жылы туған клубы "Таразға" оралды. Бірақ ол маусымда Қазақстан чемпионатында алаңға шыққан жоқ.

2017 жылғы маусымды "Ақтөбеде" өткізді. 2018 жылы тағы да тараздық клубқа қайта келді. 2019 жылы "Шахтер" футболшысы атанды.

2020 жылдың ортасында төртінші рет "Тараз" клубына оралды.

Құрама Қазақстан құрамасы сапында екі ойын өткізді. 2014 жылы 12 тамызда Тәжікстанға қарсы жолдастық кездесудің 90-минутында Аслан Дарабаевтың орнына алаңға шықты.

Келесі ойынға арада жеті салып шықты (2021, Солтүстік Македонияға қарсы).

Жетістіктері

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2014, 2015 Қазақстан кубогының иегері: 2014

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Сұңқар ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары