Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы (Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат) — Әбу Насыр Әл-Фарабидің негізгі еңбектерінің бірі.

Ғұламаның бұл шығармасы ағылшынның атақты утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болғаны белгілі. Трактатта тарихи дәлдігі жағынан сирек кездесетін өз заманындағы қоғамның көрінісін ерекше әлеуметтік утопиямен көрсетіп, әділетті әкімнің бейнесін суреттейдіҚазақстан энциклопедиясы.

Әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» (Азаматтық саясат кітабы) деген атпен 942 жылы жазған. Ал «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал-фадила» деп аталған толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтап шығарғанӘл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» және қазақ утопиясы.

Кітап алты тараудан тұрады. Бірінші бөлімде Алланың болмысы және оның сипаттары қарастырылады. Екінші бөлімде рухани жандар мен періштелер болмысы және аспан денелері туралы айтылады. Үшінші бөлімде аспан денелерінің өзара байланысы туралы айтылады. Төртінші бөлімде адам және оның жан, тән қуаттары туралы сөз қозғалады. Бесінші бөлімде «қайырымды қала тұрғындары» кімдер, олардың ерекшелігі туралы баяндалады. Алтыншы бөлімде надан көзқарастар мен қоғамдар, қайырымсыз қалалар мен басшылар, олардың іс-әрекеттерінің салдары жайында айтыладыТрактаттың мазмұны туралы.

Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ.

Дереккөздер

Сілтемелер Әбу Насыр Әл-Фарабидің он томдық жинағы, 4-том Әл-Фараби философиясындағы бақытты адам концепциясы

Санат:Әл-Фараби Санат:Философия Санат:Утопиялар