Луна-10 — кеңестік ғарыш станциясы, Айдың алғашқы жасанды серігі.К.И.Грингауз и др. Результаты экспериментов по обнаружению лунной ионосферы, проведенных на первом искусственном спутнике Луны — Докл. АН СССР, 170-том, 1966.
Аппараттың биіктігі 1,5 метр, диаметрі 0,75 метр. Отынмен санағандағы салмағы 1350 кг, өз массасы 245 кг.
Хронологиясы 1966 жылдың 31 наурызында Мәскеу уақытымен сағат 13:46:59 Луна-10 Байқоңырдан ұшырылды.
3 сәуірде сағат 21:44 станция Айдың орбитасына енді. Бастапқы апоцентр және перицентрі, сәйкесінше, 1015 және 349 шақырым болды. Айналу периоды — 2 сағат 58 минут.Н.Л.Григоров и др. Исследование космического излучения на искусственном спутнике Луна-10 — Докл. АН СССР, 170-том, 1966.
Зымыранның соңғы сатысынан бөлінгеннен кейін, станция химиялық батарейдің қуатымен Айды айналып, 460 айналым жасайды. Байланысқа 219 рет шығып, соңғы сигналын Жерге 30 мамыр күні жібереді. нобай|Станцияға арналған пошта маркасы Құрылғылары Станция бортында магнитометр, гамма-спектрометр, бес газразрядты санауыш, екі иондық санауыш, микрометеориттер анықтағышы, рентгендік фотон анықтағышы және инфрақызыл детектор болды.
Мәселен, магнитометрдің көмегімен Ай магнит өрісінің кернеулігі Жердікінен шамамен 1000 есе кем екені анықталды. Микрометеориттер анықтағышы олардың Ай төңірегінде планетааралық кеңістіктен гөрі екі есе жиі кездесетінін көрсетті. Айдың гравитациялық өрісінде алғаш рет әртектілік табылып, оның станция орбитасына әсері зерттелді (кейін бұл құбылысты маскон атап кетеді).
Дереккөздер
Сілтемелер Luna 10 НАСА сайтында
Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы