Аполлон 10 () — Айға адамды жеткізу бағдарламасы бойынша соңғы сынама ұшуды орындаған америкалық ғарыш кемесі.
Бұл Аполлон бағдарламасының экипажы бар төртінші миссиясы және Ай орбитасына түскен (Аполлон 8 аппаратынан кейінгі) екінші миссиясы болды. Ұшу барысында орбита бойымен қозғалған жағдайдағы басқару модулі мен ай модулінің жұмысы сынақтан өткізілді.
нобай|Солдан оңға қарай: Юджин Сернан, Томас Стаффорд, Джон Янг Экипаж Томас Стаффорд — командир (үшінші ұшуы) Джон Янг — басқару модулінің ұшқышы (үшінші ұшуы) Юджин Сернан — ай модулінің ұшқышы (екінші ұшуы) Экипаж Джемини бағдарламасына қатысқан ұшқыштардан жинақталды. Янг және Сернан кейіннен Айға қонған астронавтардың қатарында болды (сәйкесінше, Аполлон 16 мен Аполлон 17 кемелерінің командирлері ретінде).
Хронологиясы 1969 жылдың 18 мамырында сағат 16:49:00 UTC Аполлон 10 Флоридада орналасқан Кеннеди ғарыштық орталығынан көкке ұшырылды.
Жер орбитасымен айналған зымыранның соңғы сатысының қозғалтқышы старттан 2 сағат 33 минут 26 секунд өткенде іске қосылып, Айға бағытталған траекторияға шықты. Старттан 3 сағат 56 минут өткенде Аполлон 10 зымыранның соңғы сатысынан бөлініп, Айға сапарын жалғастырды. Біраздан кейін зымыранның соңғы сатысы Күнді айналуға көшті.
Старттан 75 сағат 55 минут 53 секунд өткенде ғарыш кеменің негізгі қозғалтқышы қосылып, аппарат Айдың орбитасына енді. Бастапқы апоцентр және перицентрі, сәйкесінше, 315 және 109 шақырым болды. Айналу периоды — 2 сағат 10 минут. Төрт жарым сағаттан кейін қозғалтқыш тағы қосылып, эллипстік орбитаны шеңберлік орбитаға (113,8 х 108,5 шақырым) түзеді.
нобай|солға|200px|Басқару модулі (ажыратылған ай модулінен түсірілді) Ұшу басталғаннан 98 сағат 22 минут өткен соң, Аполлон 10 Айды 12-ші рет айнала бастағанда, ай модулі басқару модулінен ажыратылды. Ай модулінің ішінде Стаффорд пен Сернан болды. Ол кезде ғарыш кемесі Ай бетінен 15,6 шақырым қашықтықта болды. Модульдердің ара қашықтығы 12 метрге жуық болып, сыбайлас ұшуы 25 минутке созылды. Стаффорд пен Сернан басқару модулін фотоға түсіріп, басқару модульде қалған Янг ай модулін түсіріп, Жермен түрлітүсті телевизиялық сеанс өткізді.
нобай|оңға|200px|Ай модулінің ұшуы 99 сағат 46 минут өткенде, ай модулінің қонуға арналған қозғалтқышы қосылды. Ол 28 секунд жұмыс істеп, модульді төмен орбитаға түсірді. Астронавттар келесі миссияның қонуына қолайлы жерді қарастырып, оны 6 минуттай бақылап тұрды және фотоға түсірді.
106 сағат 22 минут өткенде, ай модулі қайтадан басқару модулімен қосылды. Бұдан кейін басқару модулі орбита бойында әлі 29 сағаттай болған. Соңына қарай Жермен бір сағатқа созылған телевизиялық сеанс өткізілді.
Ұшу басталғаннан 137 сағат 36 минут 28 секунд өткен соң, ғарыш кемесі орбитамен 31 айналым жасап біткенде, негізгі қозғалтқыш қосылып, Жерге қарай бағдар алды. Ол кезде де астронавтар телевизиялық сеанс өткізді, Айдың біртіндеп кішірейгені түсірілді. Соңғы телесеанс, аппарат Жерден 66000 шақырым қашықтықта болғанда, орын алды.
191 сағат 49 минут 11 секунд өткенде, қозғалтқыштан ажыратылған экипаж бөлігі атмосфераға кірді.
192 сағат 03 минут 25 секунд өткенде, экипаж бөлігі Тынық мұхитының суларына қонды, бұл «Принстон» авиатасымалдағышынан 6,3 шақырым қашықтықта болды. Ол жерде таң атқаннан 40 минут өткен еді. Бір тәуліктің ішінде астронавтар авиатасымалдағыштан Хьюстонға жеткізілді.
Нәтижелері НАСА бұл миссияны толықтай сәтті деп таныды, барлық тапсырмалар орындалды. Ай бетіндегі таңдалған жердің алда жоспарланған адамның қонуына қолайлы екені расталды.
Аполлон 10 аппаратының Жерге қайтқан кездегі жылдамдығы 39 897 шақырым/сағат (11 шақырым/секунд) болды. Бұл экипажы бар кез келген көлік үшін ең жоғары жылдамдық.
Галерея
Сілтемелер
НАСА сайтындағы ақпарат Encyclopedia Astronautica Аполлон 10 туралы Apollo 10 Moon Orbit, видеоматериалдар Аполлон 10 түсірген фотосуреттер
Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы