Тимофеев мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық.
Орналасқан жері Үлкен Алматы өзенінің оң саласы Қызылсайдың бастауында орналасқан.
Аумағы Жалпы ұзындығы 2,6 км, оның ішінде ашық бөлігі 2,5 км. Ауданы 2,6 км2. Мұзының орташа қалыңдығы 43 м, көлемі 0,113 км3. Ашық жатқан мұздың бөлігі екі тармаққа бөліне 3520 м биіктікте аяқталады. Одан әрі мұздық морена шөгіндісі астымен 3420 м-ге дейін төмен жылжыған. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Іле Алатауы