Сілеті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны мен бастауы Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының маңындағы жылғалардан басталып, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сілетітеңіз көліне құяды.
Этимологиясы Бұл өзен атының этимологиясы жөнінде бірнеше пікір бар. Ғ.Қоңқашбаевтың жазуына қарағанда, "атау моңғолдың чулуты немесе чулунты (қазақша тасты деген мағынада) сөзінен алынған. Бұған өзен басы терең шатқал, жартасты болып келуі себеп болған". Бұл пікірді қолдай отырып, А.Әбдірахманов: "Сонымен, чулуты//сілеті атаулары басқа түркі тілдеріндегі ташты//тасты сөзінің көне варианты" деп тұжырымдайды. Сілеті атауы түркі тіліне тән, ортақ "су", "өзен" мәнін білдіретін чул сөзінен қойылғаны байқалады. Оны мына салыстыру мысалдардан анық байқаймыз: "чул" - өзен, "су", "бұлақ" (шор тілі) чул - "тау өзені (хакас) чул, усть-чул өзендері хакас республикасында; чулту - "өзенді, өзені бар", чулча көл - Алтайда. Түркі тілдерінде с/ш/ч дыбыстарының алмасу жайы - тарихи құбылыс. Сол сияқты, у/ы/і дыбыстарының алмасу құбылыстары да көптеген сөздерде кездесетін жайт. Тіліміздегі Сілеті өзені осы Чулту атауының дыбыстық тұрғыдан өзгерген - "өзенді, өзені бар" яғни ұзаққа ағатын ұзын өзен" мәніндегі атау болуы ықтимал.
Гидрологиясы Ұзындығы 407 км. Су жиналатын алабы 18500 км2. Аңғарының ені 500-700 м, кей жерінде 1,5-2 км. Арнасы тік жарлы (3,5-4 м), ені 40-50 м, кейде 120-500 м. Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 5,4 м3/с. Ірі салалары: Қоянды, Ақжар, Жартас, Кедей, Шолаққарасу, Шилі. Сағасынан 133 км жерден Сілеті бөгені салынған.
Дереккөздер
Санат:Ақжар ауданы өзендері Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) өзендері Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Ертіс ауданы өзендері Санат:Уәлиханов ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы Санат:Шортанды ауданы өзендері