Таро Окамото (жап. 岡本太郎 окамото таро: 1911 жыл. 26 ақпан Кавасаки — 1996 жыл. 7 қаңтар Токио) — жапон суретшісі, жапон авангарды мен сюрреализмнің ең ірі өкілдерінің бірі.

Өмірбаяны 1911 — Окамото Таро Кавасаки-Такацу қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Okamoto Ippei — суретші-карикатурист, анасы Kanoko Okamoto — ақын және жазушы. 1929 — Токиодағы Бидзюц Гакко көркемсурет мектебіне түседі (қазіргі Токио өнер университеті), алайда жарты жылдан кейін оқуды тоқтатып, ата-анасымен бірге Парижге кетеді. 1931 — Париждық Сорбоннадағы оқуы, онда Окамото философияны зерттейді. 1932 — Пикассоның авангардтық өнерімен танысу Окамотоның өнер бағытына күшті әсер етті, нәтижесінде осы бағытының ізбасарына айналады. 1939 — Париж университетін аяқтап этнология бойынша ғылыми дәреже ие болады. 1940 — Германияның Францияға жасаған шабуылынан кейін отанына оралады. 1942 — императорлық армияға жұмылдырылып, Қытайда әскери іс-қимылдарға қатысады; 1943 жылы Жапонияға оралады. 1946 — әскери тұтқындарға арналған лагерьде. 1959 — Токио қалалық жиналысыны ғимаратында орындалған қабырға кескіндемесі арнайы сыйлықпен марапатталады. 1961 — Окамото Тароның «Ұмытылған Жапония» кітабына Майнити баспа үйінің мәдениет сыйлығы беріледі. 1970 — Окамото орындаған 60 метрлік «Күн мұнарасы» мүсіні Осакадағы Дүниежүзілік көрменің символына айналады. ЭКСПО-ның символдық аймағының ортасында оның «Ана мұнарасы» мен «Жастық мұнарасы» орнатылған. 1984 — француз үкіметі суретшіге Құрметті легион орденінің офицері атағын береді. 1989 — Құрметті легион орденінің Ұлы офицері атанады. 1993 — Кавасаки қаласының Құрметті азаматы атағы беріледі. 1996 — Окамото Таро Токиода қайтыс болады. 1998 — Токиода Окамотоның көркем ательесінде оның мемориалдық мұражайы ашылады. 1999 — Кавасакиде Окамото Таро көркем мұражайы ашылады, Канагава префектурасы.

Таңдамалы көрмелер 1938 — халықаралық сюрреалистік көрме, Париж 1941 — 28-ші Ник-тэн марапаты, Токио 1952 — Май салоны, Париж 1953 — 2-ші биеннале, Сан-Паулу 1954 — 27-ші биеннале, Венеция 1955 — 3-ші Халықаралық жапон көркем көрмесі 1957 — 11-ші триеннале, Милан 1972 — Сюрреализм, Мюнхен, өнер үйі 1985 — Токио-Монпарнас және сюрреализм, Токио, Итабасика көркем мұражайы 1986 — Жапония Авангарды 1910-1970, Париж, Жорж Помпиду орталығы 1990 — Жапониядағы Сюрреализм, Нагоя, Айти префектурасының өнер мұражайы.

Әдебиет Japanese Modern Art. Painting from 1910 to 1970, Edition Stemmle, Zürich — New York ISBN 3-908161-86-X