Қарашалаң — Қызылорда облысы Арал ауданы, Бөген ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-дей жерде, Арал теңізінен оңтүстік-шығысқа қарай Сырдария өзенінің атырауына таяу орналасқан.
Атау мәні Қарашалаң – төл сөзімізден жасалған көне тұлғалы ескі атау. Оның құрамындағы "шалаң" сөзі осындағы жергілікті тұрғындар тілінде «теңіз түбінің ұзын-ұзын құрақ шөбі, балдыры» мағынасында қолданылады. Осы шалаңның қара және сары түсті болып келетіні бар. Міне, осындай түр-түсіне байланысты сол жер Қарашалаң аталып, кейіннен елді мекен атына ауысқаны байқалады. Екінші бір нұсқасы: ілгеріде Арал суының толық кезінде Қарашалаң тұрған жер теңіздің Шалаңды шығанағы болған. Шалаңды шығанағы теңізді картаға түсірген Бутаковтың да жасаған картасында болған. Қарашалаң атауы содан қалған деседі. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 500 адам (296 ер адам және 204 әйел адам) болса, 2009 жылы 541 адамды (290 ер адам және 251 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы елді мекендері