Арғанаты – Балқаш-Алакөл ойысындағы Лепсі мен Аягөз өзендерінің төменгі ағысы аралығындағы тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Арқарлы тауы жатыр.
Жер бедері, геологиясы Абсолюттік биіктігі 712 м. Доғаша иілген таудың ұзындығы 25 км, ені 10 км-ден астам. Солтүстік және батыс беткейлері тіктеу, оңтүстік жазық келген. Палеозойдың құмдақты тақтасынан және әктастардан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты топырағында жусан, бұйырғын, қараған, кей жерлерінде ши өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары