Йозеф (Юпп) Хайнкесhttp://espnfc.com/manager/_/id/190/jupp-heynckes?cc=5739 (; 9 мамыр 1945https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/97301, Мёнхенгладбах, Германия) — германиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1974 жылғы әлем чемпионы. Екі түрлі клубтың жаттықтырушысы ретінде УЕФА Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен төрт бапкердің бірі (1997/98 жылы "Реал", 2012/13 жылы "Бавария" жаттықтырушысы ретінде).

Мансабы 2011 жылы "Баварияның" бас жаттықтырушысы боп тағайындалды. 2011/12 жылғы маусымда "Бавария" барлық турнирде мәреге екінші боп жетті, чемпионатта "Боруссиядан" (Дортмунд) кейін екінші орында қалды, Германия кубогында тап сол "Боруссиядан" 2:5 есебімен ұтылды. Соңында, УЕФА Чемпиондар лигасының Мюнхенде, өз алаңында өткен финалында "Челсиге" жол берді.

Бірақ 2012/13 жылғы маусым тіпті сәтті болды. УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "Боруссиядан" былтырғы жеңілістерінің есесін қайырып, 2:1 есебімен ұтты, Германия кубогы мен чемпионатында бірінші орынды иеленді.

2013 жылы 16 маусымда 68 жастағы маман бапкерлік карьерасын тәмамдайтынын мәлімдеді.

Бірақ 2017 жылы қазан айында "Бавария" жетекшілігі Карло Анчелоттиді қызметтен босатты да, орнына Юпп Хайнкесті шақырды. Келісім шарт 2017/18 жылғы маусымның соңына дейін жасалды. Маусым соңында "Бавария" тағы да Германия чемпионы атанды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

«Боруссия» Мёнхенгладбах

ГФР чемпионы (4): 1970/71, 1974/75, 1975/76, 1976/77 ГФР кубогы: 1972/73 УЕФА кубогы: 1974/75 ГФР суперкубогы 1977 (бейресми)

ГФР құрамасы

Еуропа чемпионы: 1972 Әлем чемпионы: 1974

Бапкер ретінде

«Бавария» Мюнхен

Германия чемпионы (4): 1988/89, 1989/90, 2012/13, 2017/18 УЕФА чемпиондар лигасы: 2012/13 Германия суперкубогы (3): 1987, 1990, 2012 Германия кубогы: 2012/13.

«Шальке»

Интертото кубогы (2): 2003, 2004

«Реал Мадрид»

УЕФА чемпиондар лигасы: 1997/98 Испания суперкубогы: 1997

Жеке

ГФР чемпионатының үздік мергені (2): 1973/74 (30 гол; Герд Мюллермен бірге), 1974/75 (27 гол) УЕФА кубогының үздік мергені (2): 1972/73 (12 гол), 1974/75 (10 гол) Еуропа чемпиондар кубогының үздік мергені: 1975/1976 (6 гол) Кубок иелері кубогының үздік мергені: 1973/1974 (8 гол) «Боруссия Менхенгладбах» тарихындағы үздік мерген: 293 гол ФИФА версиясы бойынша жыл бапкері: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Атлетик Бильбао ФК жаттықтырушылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК жаттықтырушылары Санат:Тенерифе ФК жаттықтырушылары Санат:Реал Мадрид ФК жаттықтырушылары Санат:Бенфика ФК жаттықтырушылары Санат:Шальке 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Байер 04 ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Футболдан әлем чемпиондары