Хави (Хавьер) Мартинес Агинага (; 2 қыркүйек 1988https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/44017, Эстелья, Наварра) — испаниялық футболшы, Катар СК клубының жартылай қорғаушысы. 2010 жылғы әлем, 2012 жылғы Еуропа чемпионы.
Мансабы Клубтық "Осасуна" клубының түлегі. 2005/06 жылғы маусымды "Осасунаның" екінші клубында өткізді.
2006 жылы 17 жасында 6 млн еуроға бағаланып, "Атлетик Бильбаоға" ауысты.
2012 жылы тамызда 40 миллион еуроға "Баварияға" ауысты. 2012/13 жылғы маусымда клубтың негізгі футболшысына айналды, маусым қорытындысында УЕФА чемпиондар лигасын жеңіп алды. Клубқа Хосеп Гвардиола бапкер боп келген соң Хави орталық қорғаныс шебіне ауысты. Бірақ 2017 жылы Юпп Хайнкес оны қайтадан бұрынғы позициясы жартылай қорғанысқа ауыстырды.
2017 жылы клубтың вице-капитаны боп тағайындалды.
2021 жылы жазда Катар СК клубына ауысты.
Ұлттық Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2010 жылы алаңға шықты. 2010 жылғы әлем біріншігінің топтық кезеңіндегі Чилимен ойында да алаңға шықты.
2014 жылғы әлем чемпионатында бір ойында алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына жарақатының кесірінен бара алмады. Ал 2018 жылы оны құрамға қоспады.
Жетістіктері
Командалық Бавария
Германия чемпионы (7): 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21 Германия кубогы (3): 2012/13, 2013/14, 2015/16 Германия суперкубогы (3): 2016, 2017, 2018 УЕФА чемпиондар лигасы: 2012/13, 2019/20 УЕФА суперкубогы: 2013, 2020 Клубтар әлем чемпионаты: 2013, 2020
Испания-19
Еуропа чемпионы: 2007
Испания-21
Еуропа чемпионы: 2011
Испания
Әлем чемпионы: 2010 Еуропа чемпионы: 2012 Кофедерациялар кубогы: 2013
Жеке
Испанияның үздік жас ойыншысы («Don Balón»): 2010
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Катар СК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары